Ген жайында ғалымдардың қате пікірі
- Генетикалық зерттеулерге сүйенсек, адамға ең жақын жануар бұл - доңыз, - делінеді. Бұл - жалған.
- Адамның жеке қасиеттерін гендер анықтайды. Бұл шындық, бірақ жартылай.
Мәселе, бұл гендер қалай жұмыс істейтінінде, ал оған көптеген факторлар әсер етеді. Мысалы, ДНК тізбегінде бірнуклеоидты полиморфизмдер немесе SNP деген жекелеме айырмашылықтар бар. Сондай-ақ, эпигенетикалық деп аталатын геномдар модификациясының да көптеген мөлшері болады. Олар гендер тізбегіне әсер етпейді, бірақ олардың жұмысына айтарлықтай әсері бар. Қоршаған ортаның да гендерге әсері болатыны белгілі. Оған мысал ретінде бір жұмыртқалы егіздерді келтіруге болады, олар ген жағынан максималды жақын болса да, физиологиялық және өзін ұстау жағынан әр түрлі болады.
- Геном сараптамасы арқылы қай этносқа жататынын анықтауға болады. Бұл-жалған.
Адамның қандай этникалық топқа жататынын ген емес , мәдениет анықтайды. Адам өзін қай этникалық топқа жатқызатынына отбасы әсер етеді, яғни тәрбие, туып өскен қоғамдағы дәстүрлер, сөйлейтін тілі және мәдениеттің басқа да ерекшеліктеріне байланысты. Ата анамыздан тіл мен тәрбие ғана емес, гендерін де аламыз. Бірақ қандай гендер балаға баратыны аталық мен аналық ұрықтар қосылған кезде анықталады. Дәл осы сәтте жеке тұлғаның геномы қалыптасады, бұл гендік ақпараттар жиынтығы сыртқы ортамен әсерлесе отырып ағзаның ары қарай дамуына ықпал етеді.
Ұлт генге танылмайды, ол биологиялық емес, мәдени құбылыс. Ұлт биологиялық табиғатқа байланысты деген ұғым келмеске кетті. Ұлт та тіл сияқты туғанда берілмейді, оны уақыт өте келе адам өзі үйренеді. Қан мен ген ұлтты анықтайды деген ұғым өте қауіпті. Оны қоғамдық сананы билеуде тарихта көп рет пайдаланған, нәтижесі түрлі дискриминация, тіпті геноцидке дейін барды.
- Барлық мутациялар зиянды. Қате пікір.
Көптеген мутациялар зиянды, бірақ бәрі емес. Олар пайдалы, зиянды және бейтарап түрінде болады. Бір геннің бұзылуы
қатерлі ісікке әкелуі мүмкін, кейбір жағдайда ағза ешқандай ауруды қабылдамай жатады.
- Әр адамның гені әр түрлі болады. Бұл да жартылай шындық.
Әр жаратылыс әрқилығымен өзгерек. Мәселенки, сіз бір жасыңызда сөйлеп бастасаңыз, бауырыңыз, керісінше, болуы мүмкін. Жеке ағзалар арасындағы өзгешелік осында.
- Жақсы қасиеттер мұра болып беріледі. Жоқ, олай емес.
Жан Батист Ламарк тұжырымдамасы осы пікірді растаған болатын. Қазірге дейін биолог ғалымдар қаннан келеді деген пікірді растайды. Әйтсе-де, ресейлік сарапшы Лысенконың жүргізген тәжірибесі бұл көзқарасты жоққа шығарды.