Велосипедтің тарихы
Велосипед қозғалыстың ең қолайлы жолын беретін шағын көлік. Велосипед тек көлік ретінде емес, заман дами келе оның денсаулыққа деген орасан мол пайдасы зерттеліп, оны спорт түрінде қолдана бастаған. Әуесқойлар тіпті веложарыстар ұйымдастырып, әлем біріншіліктері де өткізіліп жатады. Жалпы бұл спорт түріне қызығатындар саны өте көп. Дегенмен де осындай өте қолайлы затты кім ойлап тапты екен? Қайда, қашан пайда болды екен?
Оның тарихы сонау IX ғасырдан бастау алған екен.1817 жылы неміс профессоры Карл фон Дрез жүгіретін машина ойлап табады, ол өз туындысын «жүгіруге арналған машина» деп атайды.
Сырт көрінісі дәл қазіргі велосипедтер секілді, тек сыртқы рамасы ағаштан жасалған. Алайда велосипедтің адамдар айдап үйренген қазіргі түрін 1862 жылы Пьер Лалман Париж қаласында ойлап табады.
1870 жылы үлкен дөңгелек тәріздес велосипедтің түрі ойлап табылады, ол «пенни-фартинг». Мұндай велосипед түрлері адам өміріне қауіпті келгендіктен, адамдар велосипедке мінуді өнер санаған.
Әрі қарай велосипед тарихында механикалық прогресстер орын алады. Соның нәтижесінде 1870 жылы велосипед нақ қазіргі қалпына келеді.