Кейде ажырасу жаман-жұман некеден...

Oinet.kz 08-08-2019 1446

6401615-58671110-2a2f9ecf6762dd9337297c692ff35ebf777fbbdb-1557751659-3000-1-1557751659-728-32e9147584-1562144723.jpg

Біз некеге тұрған кезде, біз ақыр соңында өмірлік серігіміздің табылғанына сенімдіміз. Өкінішке орай бәрі де фильмдердегідей хэппиендпен бітпейді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек әрбір 4 неке ажырасумен аяқталады екен. Ұзақ әрі бақытты өмір туралы тілектер кейде жүзеге аспай жатады. Ажырасу ұтымдырыақ, дұрысырақ шешім болатын кездер аз емес.

Некеде кезіңізде сіз жолдасыңыздың қызғаныш сезімін оятпас үшін автоматты түрде қарсы жыныстағылардан бойыңызды алыс ұстайсыз. Нәтижесінде өміріңізде кездескен сізге шынайы жұп болуға лайықты жандарды да көзге ілуден қаласыз. Әрине, егер де сіз некеде бақытты болсаңыз, өкініп қажеті жоқ. Ал неке сізді қысып, шектеп, бақытсыз етіп жатса, ажырасу сіздің өміріңізде жаңа адамдардың пайда болуына, өзіңізге лайық адамды кездестіруге мүмкіндік ашады.

Сәтсіз некеден соң сіз өмірлік сабақ алып қана қоймай, қайта ғашық болу бақытына кеңелуіңіз ықтимал. Өйткені түрлі зерттеулер нәтижелері қайтадан некеге тұрған адамдар ажырасатын кездердің аз екендігін айтады. Себебі, бұл жолы адам өзінің ішкі қажеттіліктеріне, мінезіне, жағдайына сүйеніп некесін қиятын көрінеді.

Оның үстіне ажырасу депрессияға ұластырады де қате, себебі көптеген адам дәл осы сәтте өзіне деген сенімділігі артып, жұмыста табысты болатын кездері кездеседі.

Сәтсіз некемен қош айтысып сіз бақытқа кеңелуіңіз мүмкін. Өмір сіз басқа біреудің ойымен, пікірімен, дегенімен өмір сүруіңіз ұшін тым қысқа екендігін ұмытпаңыз. Өмірде сіздің де орныңыз маңызды.

Сіздің балаларыңыз да сіздердің ұрыстарыңыздан шаршаған болуы керке. Бала үшін ата-анасының қырғи-қабақ болып, бірін-бірімен сөйлеспей жүргендері ауыр соққы болуы мүмкін. Ажырасу арқылы балаңызды кейде үлкен стресстен және көңіл аудармаушылықтан сақтайсыз. 

Сіздің сыртқы келбетіңіз де жақсара бастайды. Себебі ажырасу  өздігінен адам бойында жеңілдік, сергектік сезімдерін қалыптастырады. Және стресстен жапа шегіп жүрген денсаулығыңыз да қалпына келетіні анық.

Әлеуметтік желідегі «аватарка-ға» қарап не айтуға болады?
Сникерс шоколады туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу