Әлеуметтік желідегі «аватарка-ға» қарап не айтуға болады?

Oinet.kz 08-08-2019 1692

dev_ava.jpg

Әлеуметтік желіге сурет жүктеп жатқан кезде оның барынша сапалы, әдемі көрінгенін, кейде өзгелер  қарап қызыққанын дегендей... қалап тұрамыз. Бір кездерде жәй гүлдің суретін, бірде екі ғашықтың суретін қоя салатынымыз бар. Дегенмен де сарапшылар әр суреттің астарында біраз нәрсе жатыр екен.

Кейбір интернет тұтынушылары аватаркасына жансыз заттардың суретін қойып жатады. Мәселен гитараның, теңіз, гүл, қайық секілді жансыз заттардың суретін басты суретіне жүктейтін адамдар өзі жөнінде пікірі толық қалыптаспаған адамдар екен.

Ал басқалары жануарлардың, фильмдегі, мультфильмдердегі кейіпкерлердің суретін қойып әлек. Мұндай адамдар айналасындағы әлемді қатігез деп ойлайды. Сөйтсе де ол үшін аса қам жемейді. Әрине, бұл типтегі адамдар жансыз затты суреттердің иелеріне қарағанда әңгімелесуге тұрарлық, дегенмен үнемі айналасындағылардан қолдау мен жұбаныш күтеді.

Аватаркасын күнде ауыстыратын адамдар әр кезде әртүрлі ракурстан суретке түсіп абыржып жүреді. Мұндай адамдар үшін өмірде өз келбетінен артық еш қызық жоқтай. Осы типтегі аватаркалардың иелері сенімсіздеу келеді.

Бет келбетін шашымен немесе басқа да бір затпен жауып яки толығымен бүркемелеп түсетін, және осындай суреттерін басты аваға қоятын кісілер ұяң келеді екен. Олар өмірде де тұйықтау адамдар. Кейде әлеметтік фобиямен де ауырып жатады. Олардың шынайы келбетін біліп біту қиын-ақ. Егер де жабық авалы адаммен сөйлескіңіз келсе, оның өзіңізбен жайлы сезінуіне мұқият болыңыз, орынсыз бос қалжыңдасуға да кеңес берілмейді.

Иә, аватаркаға сапалы сурет жүктеу үшін профессионалды қомақты ақшаны талап етеін жолмен де жүретіндер бар. Олар өздерін жақсы көрсеткісі келетіні даусыз. Көбінде олар қарсы жыныстағылардың назарын осындай суреттермен жаулап алуды да көздейді екен.

Қарапайым толықтай ашық сурет адамның өмірде де ашық мінезді, бүркемелейтін дәнеңесі жоқ екенінен сыр шертеді. Олар өздері қай ракурстан болмасын көрсетуге дайын.

Ал ғылым не дейді?

Аватарка таңдауының ғылыми түсініктемесі жоқ. Психологтар адамды бір суретпен тану қате деп санайды. 

Солай да шығар кім білсін... Жалпы осындай сұрақтар бізді алаңдататынын білсе ата-бабаларымыз күлетін шығар.

«Правда» газеті туралы қызықты деректер
Кейде ажырасу жаман-жұман некеден...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу