Құрақ құраудың мәнін білесіз бе?
Құрақ құрау - бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше түрі. Қиындыларды қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құрақ көрпеше жасалады. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін, қонаққа арнап “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық Құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Бұрындары қазақтың ісмер қыз-келіншектері мата қиындыларынан көрпе-көпшікке көздің жауын алардай құрамыс тыс тіккен. Әдетте көрпе-көпшіктің қырық құрақ тысында сан алуан сәнді түс керемет Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалды таңдап алады. Олардың түрі-түсі, матасына қарай сұрыптайды. Мата ішінде барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөлінеді. Содан соң түрлі мата қиындыларын үйлестіріп, қиыстырып, тігу басталады.
Құрақ көрпе – дүрия, батсайы, торғын, шағи, шәлі, жібек, сәтен, атлас, т.б матадан жасалып, сырты кестеленеді. Тұтыну қажетіне қарай қалың, жұқа, үлкен, кіші етіп жасаса, дәулетіне сай арзан, қымбат материалдан дайындайды, соған сай бала көрпе, шәлі көрпе, төсеніш көрпе, жүн, қалың, атлас көрпе деген түрлері болады.
Құрақ көрпенің беті қызыл және көк түсті көп сатылы фигуралармен өрнектеліп, сол фигуралар көрпе ұзындығы бойынша бой түзеген жолақтар симметриалы орналасады. Көрпе шеті жасыл түсті велюрдан жіңішке жолақталып, астары түрлі-түсті мақта матадан тігіледі.
Оны қалың тоқымалардың қиықтарынан да, жібек маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Қалың тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені жіңішкілеу, ұзындығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал енді жібек құрақты жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті жібек маталардың құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады.Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп алып, оны орындыққа көрпеше етіп жабуға да болады.Құрақ көрпе тегін көрпе емес. Мән-мағынасы жағынан көңіл бөлінеді. Жаңадан отау тігіп, үй болып жатқан жастарға қыз жасауымен бірге келеді. Өйткені, құрақ көрпе қиық матадан біріктіріліп тігілетіндектен үй болып жатқан жастарға бір басы екеу, екі басы үшеу болып бір-бірін жеткізіп, үй болып құралып кетсін деген мағынада тігіледі екен.