«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Адам өмірінде жар таңдаудан қателеспеуі тиіс дейді. Бұл тәмсілді әсіресе филиппиндіктер мен ватикандықтар қатты ұстанады. Себебі аталған мемлекеттерде ерлі-зайыптыларға ажырасуға рұқсат жоқ. Ватиканда мұндай заңның жоқтығын ондағы мыңнан аспайтын адамымен және католиктер доктринасымен түсіндіруге болады. Ал Филиппин елінде мұндай заңның жоқтығын түсіндіретін бір де бір дерек жоқ. Айта кетейік, бұл елде тек мұсылмандар ғана ажыраса алады екен.