Жанатын сыра жайлы естігенсіз бе?

Oinet.kz 12-07-2019 1147

Screenshot_9.jpg

         Сыра – осыдан бес мың жыл бұрын пайда болған. Ол сұранысқа ие сусындардың ішінде судан және шәйдан кейінгі үшінші орында тұрады. Сыраның дәміне, түсіне, құрамына қарай бөлінетін он мыңдаған түрі бар екен. Солардың ішінде дайындалу технологиясы өзгеше, дәмі өткір, атақты үш түрі бар. Ерекше сыраның алғашқы сатысында тұрған «Сэмюель Адамстың» сыра зауыты. Бостонда орналасқан өндіріс орны бірнеше жылдан бері «Утопия» сырасын дайындап келеді. Қышқылдығы 28 пайызды құрайтын, қызылкүрең түсті оның дәмінің ерекше болуының құпиясы бөшкесінде екен. Өндірушілер дайын болған сыраны ром, коньяк, херос, бурбон секілді алькоголді ішімдіктер құйылған бөшкеге құйып 19 жыл сақтайтын көрінеді. Әбден бабына келген сусынды 0,72 литрлік бөтелкелерге құяды. Айта кетейік, әр партияда сыраның дәмі әр түрлі болып шығады. «Утопияның» басты артықшылығы да осы.

        Әлемдегі екінші орында тұратын ерекше сыраны 2013 жылы «Brewmeister» компаниясы өндірді. «Жыланның уы» деп аталатын ішімдіктің қышқылдығы 67,5 пайыз. Дайындалу процесінде сыраның артық суы тоңазытылады. Тұтынушылардың айтуынша сыраны өртесең кәдімгідей лаулап жанады екен. 

         «Сыраның құпиясы» деген атпен танылған сусын «Жыланның уынан да» қышқылырақ және оған виски қосылады. Бір бөтелкесі 45 еуро тұратын сырадан қарақат пен бадамның дәмі шығып тұрады.  


Құстар ағаштарды зиянкестерден қорғайды
Ғаламтор адамды күйзеліске ұшыратады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу