Жетіқарақшы жұлдызы туралы не білесіз?
Жетіқарақшы - аспанның Солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары - Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Және оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы 1 жылда өзін түгел айналып шығады. Жетіқарақшының Үлкен Аю деген екінші атауы да бар. Көне грек елінде жетіқарақшы бағытты анықтауға қолданылған.
Жетіқарақшы қазақтар үшін ерекше жұлдыздар тобы. Себебі,қазақтар жетіқарақшыны бұрыннан сағат ретінде пайдаланған. Ол шыр айналып жүреді. Таң қысқа кезде,қысқа айналып, ұзарғанда ұзын айналып, күншығысқа қарай көлденең жүріп, өрге ұмтылады. Қыс мезгілінде жетіқарақшы төбеге келгенде таң атады.
Жетіқарақшы деп неге аталған? (аңыз)
Темірқазыққа Тәңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз - Тәңірдің Ақбоз тұлпарлары. Ақбозат пен Көкбозат арқанмен Темірқазыққа арқандаулы - Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып,аттар қозғалмай,қағулы тұрған қазықты айналып,күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен байқасаңыз, Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады.