Қуыршақ Барбидің прототипі кім?

Oinet.kz 22-04-2019 1171

Screenshot_6.jpg

               Әлемдегі ең сүйкімді, кең тараған, қыздардың арманына айналған Барби қуыршағының құпиясы біз ойлағаннан да көп екен. Көркі мен сәні жарасқан қуыршақ өмірден алынған прототип болып шықты. Барбидің шын есімі Барбара Миллисент Робертс. XX ғасырдағы танымал, жігіттердің көзін тойдырған, сұлулықтың символы болған Барбараның негізгі мамандығы модель. Бірақ ол ештеңеден таршылық көрмеген өмірінде  рок жұлдызы да болды, тіпті  президенттікке үміткер де болған. Оның ата-анасы Эллиот және Рут Хендлер 1945 жылы балаларға арналған  ойыншық шығаратын компания ашады. Бір күні  кішкентай сүйкімді балақайларға серік болсын деп, қыздарды сұлулыққа шақыратын қуыршақ жасап шығарады. Айдай сұлу қуыршаққа олар қыздары Барбараның кескінін салып, Барби есімін берді. Алғашқы аппақ қардай тісі көрініп, күлімдеп тұрған Барбилер 1959 жылы Нью-Йорк қаласында өткен көрмеде көпшілікке таныстырылды.  Алайда қуыршақтың сатылымы өте нашар болды. Кейіннен компания қуыршақты жарнамалаған шағын роликтері сәтті шығып,  сол күннен бастап Барби 3 доллардан бастап сатыла бастады. Әлемге әйгілі қуыршақтың ұзындығы 29 сантиметр. Бүгінде Барбидің аяқ-қолы еркін қимылдайтын көптеген түрлері шығарылып келеді. Сондай-ақ медбике, модель, ғарышкер секілді Барбилерді кездестіруге болады.  


Марста мұхит бар
Гитлердің атасы еврей ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу