«Тауық ұясындағы қыран» (әңгіме)

Oinet.kz 01-12-2020 1558

қыран құс.jpg

Ерте заманда тауық өсірумен айналысатын шаруа кісі болыпты. Ол бос уақытында құзға шыққанды жақсы көріпті. Бір күні кешкілікте кезекті құзға өрмелеп бара жатқанда, оның шыңында үлкен шоқыны байқайды.

Шоқыға өрмелеп жетсе, қыран құстың ұясы жатыр екен. Ал оның ішінде қыран құстың үш жұмыртқасы жатыр.

Шаруа мүлде ақылға қонымсыз іс-әрекетке бара жатқанын түсінсе де, жұмыртқалардың бірін сөмкесіне салып, алып кетеді.

Құздан түсіп, тауық кепеге қайтып келгенде қыран құстың жұмыртқасын тауықтың астына салады. Сол түні ұя басқан тауық ешбір тауық кепеде болмаған үлкен жұмыртқаны басты. Әтеш бұған риза болды.

Біршама уақыт өткеннен кейін жұмыртқа жарылып, балапан дүние есігін ашты. Ол артына қарады да, ұя басқан тауықты көріп:

– Ана! – деп жауап қатты.

Түлек (қыранның балапаны) тауықтың балапандарымен бірге өседі. Ол тауықтың балапаны нені білуі тиіс болса, соның барлығына үйренеді. Ол қытқылдайды, дәнді шоқиды, балшыққа тұмсығын салады және т.с.c.

Жылдар өтеді, ал түлек болса өзінің тауыққа ұқсап кеткенін де байқамай қалады. Бұл дүниеде татар дәмі таусылар шағы жақындаған өзін тауық деп ойлайтын қыран аспанға зер салады. Ол ту сонау заңғар биікте, көкті бағындыра қалықтап ұшып жүрген өр мінезді қыранды көреді.

– Анау көк аспанда шарықтап ұшып жүрген кім? – деп ол көрші тұратын тауықтан сұрайды. – Қандай керемет! Мұндай әсемдікке қалай тоясың! Аһ, мен де олар секілді зеңгір көкте еркін самғай алсамшы!

– Бұл қыран, – деп тауық жауап береді, – құс патшасы. Олар сияқты ұшқан неңді алған, сен тауықсың, ал тауық биіктеп ұша алмайды.

Қыран аспанда самғап жүргендердің өзіне айна-қатесіз ұқсас екендігін көрген сайын олармен бірге ұшуды армандайды. Кейін ол аспанда ұшқысы келетіндігін айта бастаса болды, тауықтар бұның мүмкін емес екендігін айтып, арманын жоққа шығарып, күлкі қылатын болды.

Қыран да бара-бара өзінің ұша алмайтындығына көз жеткізді. Уақыт өте келе ұшуды ойға да алмайтын болды. Тауықтарша тіршілік кеше бастады.

Осылайша қыран өмірінің соңына дейін тауықша өмір сүріп, дүниеден өтіпті. Себебі ол өзін өмір бақи тауықтан шықтым деп ойлап еді.

Қаныш Сәтпаевтың Черчилльмен кездесуі
Ильхам Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабаққа шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу