Танымал ғалымдардың қандай оғаш әрекеті болған?
"Ғалым"сөзін естігенде сіз қандай адамды елестетесіз? Мүмкін, сіздің де қиялыңызда 50-60 жастағы шашы аппақ ой үстіндегі адам елестер.Танымал ғалымдардың маңызды еңбектерінің соңында көптеген оғаш әрекеттер бар. Ньютон, Ампер, Адам Смит және басқа да көптеген ғалымдардың даңқының көлеңкелі тұстары бар. Өкінішке орай, олардың өміріндегі осы қызықты сәттер мектеп бағдарламасында айтылмайды. Назарларыңызға танымал ғалымдардың оғаш әрекетін ұсынамыз!
Неліктен ғалымдар таңқаларлық?
Атақты ғалымдардың оғаш мінез-құлқын олардың ылғи ғылыми ізденісте жүретінімен түсіндіруге болады». Адам бір нәрсеге өте құштар болған кезде, басқа мәліметтерге назар аудармайды. Химияның атасы, ғұлама Дмитрий Менделеев бос уақытында чемодан жасаумен айналысқан. Және көптеген танымал адамдар оған тапсырыс берген екен. Көршілері Менделеевті атақты химик ретінде емес, қолөнер шебері ретінде таныған. Алтын қолды суретші Леонардо да Винчи түрлі тағамдар ойлап тауып, дәмі түл үйірер тәттілер дайындаудың шебері болған деседі. Атақты физик Альберт Энштейн скрипкамен ерекше әуестенген.
Исаак Ньютон-шашыраңқылық патшасы
Ағылшын физигі және математигі Исаак Ньютон – данышпан адам. Тарихи деректерге сүйенсек, ұлы ғалым кейде өз үйінде жүруді ұмытып жоғалып кетуі мүмкін немесе күні бойы тамақтануды ұмытып, аш қалуы мүмкін. Бір күні өте қызық жайт орын алады. Бірде Исаак Ньютон қонақ шақырады. Қонақтар жиналып бола бергенде қонақтарға арнап шарап алуға қоймаға кетеді. Алайда, жол бойында ол қайда бара жатқанын ұмытып, көп уақытын өткізетін жерге – кеңсесіне баруды ұйғарады. Ол өзінің зертханасында жұмысын жалғастырды. Ал қонақтар оның қайда жоғалып кеткенін түсінбиді. Иә, Ньютонды қонақжай адам деп атауға келмейді. Бірақ ол ғажап ғалым!
Адам Смит- ұқыпсыз экономист
Шотландиялық экономист Адам Смит өз кезегінде айналасындағыларды өзінің ұқыпсыздығымен таң қалдырды. Оның аты аталатын көптеген қызық оқиғалар бар. Біріншісі, бір күні зауыттардың біріне барған экономист қатты ойлағаны соншалық аяғымен тік тұра алмай қалдық шұңқырына құлап кетеді. Бір күні қонақтарымен бірге таңғы ас ішіп отырған Адам Смит шәйнекке бутерброд сап жібереді. Аздан соң түк болмағандай шынысына сол шәйнектен шай құйып ішеді. Өмірінде мұндай жағымсыз дәмді шәй ішпегенін қонақтарына айтып шағымданады. Бәрін үнсі бақылап отырған қонақтары аңтарылып қалады. Бұл ситуацияға таңданудың еш мәні жоқ. Маңызсыз ойларды ойламайтын ғалымның қарапайым ойларға тосырқауы қалыптылық болар.
Андре-Мари Ампер – ғажап жан
Сіз Ампер туралы бұрын да естіген боларсыз. Электр тогының күшін өлшеу бірлігі оның құрметіне аталған. Француз физигі мен математигі өзінің ашылуларынан басқа, өзінің қателесуімен байланысты тарихи анекдоттардың кейіпкеріне айналуымен танымал. Ғалым бірде Париж ғылым академиясының аумағында серуендеп жүріп назары кішкентай тасқа ауады. Бұл кішкентай тас неліктен ғалымды қызықтырғанын қайдам, мүмкін физика заңдылықтарына қатысты ғажап ой иірімі бойын билеген болар. Ол тасты қалтасына сүңгітіп әрі қарай серуенін жалғастырды. Қызығы қалтасына тас салған ғалым әрдайым жанынан тастамайтын бағалы сағатын суға лақтырып жіберген.
Суреттер ашық дереккөзден алынды