Назарбаевтың өміріндегі негізгі әйелдер
Нұрсұлтан Назарбаевтың халқымыз үшін жасаған ерлігі орасан зор екенін бәріміз жақсы білеміз. Өз отбасынан бөлек залықтың қамын ойлап, өмірін арнаған тұлғалар аз екені даусыз. Ал сіздерге ұлтжанды Назарбаевтың өміріндегі ең негізгі әйелдер туралы айтамыз.
Алжан Назарбаева
Нұрсұлтандай ер азаматты дүниеге әкелген бақытты ана. Алжан Назарбаева 1910 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген. Кейіннен Әбішпен шаңырақ көтерген соң Үшқоңырға көшіп келіп, осында тұрады. Өмірге құштар, салт-дәстүрді жетік білетін Алжан баласының бойына осы қасиеттерді сіңіруге тырысты.
Алжан Назарбаева 1977 жылы дүниеден озды. Кейіннен Назарбаевтың анасының құрметіне туып өскен ауылын «Алжан ана» деп ауыстырды.
Сара Назарбаева
Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегін жаулаған Сара апамыз 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды обылысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Нұрсұлтан мен Сара 1962 жылы шаңырақ көтеріп, қызғалдақтай құлпырған үш қызды тәрбиелеп ата-ана атанды. Алғаш шаңырақ көтерген кезде Нұрсұлтан қатардағы қарапайым жұмысшы болып істеді. Өмірдегі барлық қиыншылықты бірге еңсеріп, бірге ғұмыр кешуде.
Сара Алпысбайқызы 1992 жылы ана мен баланы қорғауға, жетім балаларды қамқорлыққа алып, олардың толыққанды білім алуына жәрдемдесетін «Бөбек» қорының негізін салды. Осылайша жағдайы төмен отбасылардан шыққан немесе жетім балаларға жәрдемдесудің жаңа жүйесін қалыптастарды. Елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне себепкер болды. Сонымен қатар, елде бірініші болып жетім балаларды қорғайтын заң шығару туралы бастама көтерді.
Дариға Назарбаева
Дариға - Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті қызы.
Ол 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. Дариға еңбек жолын 1992 жылы анасы негізін қалаған «Бөбек» қорының вице-президенті болып бастады. Қазіргі таңда Назарбаева билікте өзіндік орнын қалыптастыра білген жан. Екі ұл мен ерке қыздың ардақты анасы.
Динара Назарбаева
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірде ерекше орын алатын жанның бірі. Динара 1967 жылы 10 тамызда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. Мәскеуде театр өнері бойынша білім алған.
Еліміздегі танымал бизнесмен Тимур ҚҰлыбаевтың адал жары. Қазірде бірге бір ұл мен қызды тәрбилеп отырған ардақты ата-ана.
Әлия Назарбаева
Назарбаевтың кенже қызы Әлия 1980 жылы 3 ақпанда Алматыда дүниеге келген. Әлия жастайынан шығармашылықпен айналысып, Қ.Байсеиітов атындағы музыкалық мектепті үздік аяқтады. Сонымен бірге, әлемдегі ірі университет қабырғаларында біліп алып, өзіндік көзқарасын қалыптастыра білді.
Әлия Назарбаеваның ең сәтті киножобасы – «Анаға апар жол» фильмі. Бұл әсерлі фильм әлемнің 12 елінде көрсетілді. Фильм алты халықаралық кинофестивальде, соның ішінде Хорватиядағы фестивальдің бас жүлдесі мен «Еуразия көпірі» халықаралық кинофестивалінде гран-при жіне басқа да марапаттарға ие болды.
Әлия алңашында 18 жасында Қырғыстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевқа тұрмысқа шыққан. Алайда бұл неке сәттіз аяқталды.
Кейіннен Әлия Данияр Хасенов деген азаматпен отбасы құрып, 2007 жылы Тиара, 2011 жылы Алсара есімді қыздарды дүниеге келді. Алайда, екі жастың отбасылық өмірі ұзаққа созылмады. Ал 2015 жылы Димаш Досановқа күйеуге шықты. 2016 жылдың жазында Алдияр есімді ұлын өмірге әкелді.
Жалпы, Әлия Назарбаева жайлы интернетте деректер аз.
Венера Назарбаева
Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Венера Дариғаның жалғыз қызы.
Венера 2000 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Ол өзің шығармашылықпен сынап көрді, тіпті «Байқоңыр» фильмінде ойнады. 20018 жылдың маусымында Шайжүнісовтар әулетінің өкілі 22 жастағы адвокат Даленге үйленді.