Бала үйдің ішінде отыр ма, сыртында ма?

Oinet.kz 12-07-2020 2538

Қандай екеніңізді бір ғана сурет 1 минутта «айтып» бере алады. Суретке 1-3 секунд қараңыз. Енді сұраққа нақты жауап беріңіз: Бала үйдің ішінде отыр ма, сыртында ма? 

Screenshot_1.jpg

«Үй ішінде отыр» деп жауап бергендер – эмоциясын да, өкпе-реніші мен сыры мен мұңын да көбінесе іште сақтайтын адамдар. Ұрыс-керістен өздерін алыс ұстауға тырысады. Әлдебіреу онымен керіскен жағдайда әлдеңені дәлелдеп ақталмайды. Өзгенікі бұрыс болса да келіскен сыңай танытып, дау-дамайды доғаруды ойлайды. Мінезі күрделі. Сырттай оны біреу көнбіс дейді, енді біреу салмақты санайды, тағы біреу сабырлы адамдар тізіміне қосады. Өйткені мұндай адамдар жағдайға байланысты осылай үш түрлі бола алады. Тыныштықты бірінші орынға қоятындар. Сондықтан да ешкіммен таласпайды, тартыспайды. Өзгенің тыныштығын бұзбайды және өзіндікін де басқалардың бұзуына жол бермейді. Көпшілік ортадан гөрі оңашаны, жалғыздықты ұнатады. Кейде «мені ешкім түсінбейді» деп іштей қапаланады. Өйткені қуанышын да, қайғысын да ешкіммен бөліспейді. Өзіндегі даналыққа, өз күшіне сенеді. Айтар сөзін де, басар қадамын да ойланып жасағандықтан да көп қателікке бара бермейді. Әйтсе де, жаны жаралы. Айналасындағыларға уайым-қайғысын көрсеткенді қаламайды. Бастысы, бұларды отбасындағы жақындары әрқашан бағалайды, қиындықта қалқан бола алатынына сенеді. Дегенмен мұндай адамдар сыр мен мұңды жақын адамдарына айтып үйренгені абзал, сонда өмірі әлдеқайда жеңілдейді. 

ҮЙ СЫРТЫНДА 

Өз пікірі мен эмоциясын дер кезінде сыртқа шығарып тастайтындар. Ішінде ешнәрсе сақтамайды. Тыныштық бұзылса да шындықты айтқанды жөн санайды. Сондықтан болар, досы да, дұшпаны да көп. Көпшіл. Жаңа таныстықтан да, көңілі қалған ескі доспен қарым-қатынасты үзе салудан да қорықпайды. Ортаның гүлі болғанды қалайды. Мақтау мен марапатты жаны сүйеді. «Жұрт не дейді екен?» деп ойлана бермейді. Жұрттың сөзіне алаңдамайды да. Өзгенің эмоциясына тәуелді емес. Оған басқалардың ақыл-кеңесі соншалықты қажет емес. Істейді, сосын ойланады. Сондықтан да көп қателікке жол береді. Екіжүзділерге жаны қас. Өз ойын анық айта алатынымен, кез келгенмен тез тіл табыса алатындығымен жұмыста жылдам көтеріледі. Ұстаздық жолын таңдаса табысты болады.

Коронавирусқа қарсы қымыздың 10 емдік қасиеті
Психологиялық тест: Тарағыңыз қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу