Баланы бауырына басқан аю
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы 3 жасар сәби 2 күн жоғалып кетіп, табылғасын оны аю құтқарып қалғанын айтып берген. Сәби әжесінің үйіндегі аулада ағасы және әпкесімен ойнап жүріп, орманға шығып кеткен. Оны жүздеген еріктілер, полиция өкілдері, тік ұшақ және дрондар іздегенімен, ауа райының қолайсыздығына байланысты екі күн бой таба алмаған. Құтқарушылар 48 сағат ішінде күннің суықтығына байланысты баланы мұздап қалады деп ойлаған екен. Себебі 3 жастағы сәби қалың киінбеген. Құтқарушылар сәбиді тапқанда ол өзін суық ауа райда қара аю «құшағына алып» жылытқанын айтқан. Өмірде осындай ғажайыптар болып тұрады екен. Ал дәрігерлер баланы тексеріп денсаулығына қауіп төндіретін ешқандай ауру белгілерін таппаған.