Әр елдің адамы басқа...
Тропиктік аймақта өмір сүретіндердің басым бөлігі – өте арық болып келеді екен. Оны ғылымда пішін шарға жақындаған сайын жылуды соғұрлым ұзық сақтайтындығымен түсіндіреді. Ыстық ауа-райына бейімделу үшін адамдардың дене пішіні «таяқ» тәріздес (өте арық) әрі ұзын болады.
Ал Арктика тұрғындары, тіпті Норвегия тұрғындары салқын, ызғарлы ауа-райында өмір сүруге бейімделген. Мысалы, олардың денесінің пропорциялары көбірек квадрат тәрізді. Арктиканың заманауи тұрғыны бір күнде 3 килограм майды тұтына алады. Соған қарамастан, олар холестериннің артуы секілді мәселелерге тап болған емес. Олардың денесіндегі ферменттер майды лезде жылуға айналдырады. Сонымен қатар, олар бұлшық етті болып келеді.