Психологиялық тест: «Тойыңызға қай көйлекті киіп шығар едіңіз»
1. Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз.
2. Сіз сабырлы әрі жанашыр жансыз. Бір күніңізді толығымен жәрдеміңізге мұқтаж адамға арнай аласыз. Жаныңыз қайырымдылық пен мейірімділікке бай. Сіз үшін нағыз адам – өзгелерге қол ұшын соза алған жан. «Адам аласы ішінде» деген тіркес сізге сай емес екенін бір көріп білуге болады. Себебі ұсқыныңыз қандай жайдары болса, жаныңыз да сондай жомарт. Ешқашан сабырға келе алмайтын жанды да тыныштандыру сіздің ғана қолыңыздан келеді.
3. Сіз қуатыңыз мол және қатарыңыздан озық жансыз. Күні бойы жаңа да тың жобалар мен идеяларды дамыту үшін қозғалмай отыра аласыз. Әрдайым жаңа нәрселерді ойлап табуды жақсы көресіз. Жұмыста да, басқа кезде де кез келген істі байқап көргіңіз келеді. Алғаш көрген көзге іш пыстырарлық адам боп таныласыз. Солай болуы да мүмкін, бірақ идеяларыңыз ешқашан ешкімді жалықтырған емес. Заттардың құпиясын ашу үшін ұзақ әуреленіп, тәжірибе жасағанды жаныңыз сүйеді.
4. Сіз талғампазсыз және өте жақсы тәрбие көргенсіз. Күні бойы қонақтың көңілін аулап, қызықты әзілдермен жүзіне күлкі сыйлап отыра аласыз. Әлемдегі ең жақсы адам екеніңізді көрсеткіңіз келеді. Барлығы сізді біртуар тұлға ретінде қабылдағанын қалайсыз. Алғаш көрген жан сізді көрсеқызар, кейде ептеген тәкаппар деп ойлайды. Мойындаңыз, мұндай ой тууына өзіңіздің үлесіңіз бар. Кез келген нәрсенің сапалысын таңдайсыз, ең жақсысын ғана алғыңыз келеді.
5. Сіз барлығын білуге құмарсыз, талабыңыз таудай. Өмірге сұрағыңыз көп, барлығының жауабын табуға ұмтыласыз. Біреу сізге өмір жолын айтып беремін десе, басқаға бас бұрмай отырып, тәулік бойы тыңдауға әзірсіз. Бірінші көрген кісіге сабырлы да салмақты, қарапайым жан екен деген ой қалдырасыз. Бірақ, шын мәнісінде өте белсенді адамсыз. Барлығын санада сараптап, мида қорытасыз. Адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын меңгеруге құштарсыз.
6. Сіз тапқыр, жігерлі жансыз. Бір күн бойы пойыз не ұшақ терезесіне телміріп, әлемге көз тігіп отырудан бас тартпайсыз. Жаңалық іздеп шарқ ұруда жанкештілік көрсетесіз. Бұрын соңды көрмеген жер, жаңа таныстар, таңсық нәрселер сізді шабыттандырады. Бейтанысқа беймаза жан боп таныласыз. Шынында да, өміріңізде сәл тыныштық орнауы үшін, өзіңізді қолға алыңыз. Ғұмырыңызды саяхатқа арнағыңыз келеді. Сапарға шықпаған кезіңізде, үнемі алыс шетелді елестетіп, қиял құшағында жүресіз.
7. Сіз шығармашылық адамысыз әрі арманшылсыз. 24 сағат бойы ой үстінде отыра аласыз. Қиялыңыз ұшқыр, ойыңыз әрдайым әлемді шарлап жүреді. Сапар соңында қадамыңыз басталған жерден табылмайсыз. Бір көрген жан көп қырлы екеніңізді байқайды. Айналаңыздағы әлемді қаншалықты ұмытып кететін болсаңыз, ойыңыздан да соншалықты адасасыз. Санаңызда әрқашан адам ойына келмеген жақсы нәрселер өмір сүреді, тек соны жазып не есте сақтап алатын зейін жетіспейді.
8. Қажырлы әрі біртуар жансыз. Күні-түні қиын да күрделі кітапты оқып, қозғалмай отыра аласыз. Идеялар әлемінде адасып кетуге де бел буасыз. Бірақ олар жұмбағы мен тылсымы көп болған сайын, сізді қызықтыра түседі. Бір көрген жан сізді әлемде не болып жатқаны мүлдем қызықтырмайды деп ойлайды. Іс жүзінде, өте әуесқой кісісіз. Өзіңізді қызықтырған нәрсе жөнінде профессорлардан да озып, толығымен түсінбейінше оқи бересіз.
9. Сіз әрдайым биікке ұмтыласыз, барлығынан жоғары тұруды қалайсыз. Менмендігіңіз жоғары деңгейде. Бірақ эгоист емессіз. Бар күш-жігеріңізді жұмысқа жұмсайсыз. Себебі әлемді жақсы жағына өзгерткіңіз келеді. Бұл сіздің қолыңыздан келеді.
10. Кез келген адаммен оңай әрі тез араласып кетесіз. Елгезек адамсыз, барлығына түсіністік танытасыз. Адамдарға ақыл айтпай-ақ, тыныш тыңдай аласыз. Өзгелерге көмектескен өте ұнайды.