Көзі қыли бала қайдан шығады?
Жүктілік кезеңінде әйелдің шылым шегуі іштегі баланың көзі қыли болып тууына әсер етеді.
Ғалымдар бес мыңнан астам көзі қыли жаңа туған балалар мен жасөспірімдердің деректерін жинап, олардың аналарының жүктілік кезеңінде шылым шеккенін анықтаған. Айтпақшы, 45 жасқа дейін темекіні тастаған адамдардың өмірлері екі есе ұзарады екен.