«Коронавирустан қорықсаңыз, онда осыны жеңіз»

Oinet.kz 26-03-2020 958

Вьетнамда түскі ас тұтынушыларына «коронабургер» ұсынылды.

Коронавирустық індет әлемде кеңінен таралып жатқан кезде, Ханойдағы асханалар тізбегінің иесі Хоанг Тунг жаңа коронавургермен клиенттерді тартудың жолын ойластырды.

602x338_cmsv2_1b14aad2-d7d6-5d64-affe-5cd7f143ad80-4592440.jpg

Мұның бәрі күн сайын вирус туралы қайғылы хабарды тыңдаудан шаршап, әкесінен қызықты тамақ әзірлеуді сұраған 10 жасар ұлының тілектерінен басталған. Сонымен, «вирустық» бургер пайда болып, әлемді таңқалдырды. Тунгтың айтуынша, тағамды әсіресе танымал тұлғалар жейтін көрінеді. 

«Клиенттерге ұнайды. Бұл терапияның бір түрі: коронабургерді жеу арқылы аурумен күресіп жатқан секілді сезім туғызады»

Гамбургерді дайындауға арналған ингредиенттер өте қарапайым және денсаулыққа зиян келтірмейді. Бірақ формасы шынымен коронавирусқа ұқсайды. Тунг жаңа өнімнің көмегімен өз істерін жақсартуға үміттенеді, өйткені қаңтар айында Вьетнамда COVID-19 басталғаннан кейін сату күрт төмендеді.

Отандық жұлдыздар халыққа мәлімдеме жасады
Психологиялық тест: «Өзіңізге ұнаған сыйлықтың бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу