Отандық жұлдыздар халыққа мәлімдеме жасады
Отандық шоу-бизнес өкілдері ел басына түскен қиын жағдайда отандастарына үндеу жасап, оларды барынша сақтануға шақырды. Өнер иелері халықтан үйден шықпауын өтініп, жарияланған төтенше жағдай талаптарын орындаудың маңыздылығын атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Бүгінде барша қазақстандықтармен қатар, ТЖ уақытында үйінде жатқан жұлдыздар әлеуметтік желі көмегімен көпшілікке үндеу жасады. Олар коронавирустың қауіптілігіне күмәнмен қарап, одан қорғану шараларын орындамай жүрген отандастарын сақтануға шақыруда. Шоу-бизнес жұлдыздары халыққа үйден шықпауға кеңес берді.
Қазақстандықтардың амандығы үшін Instagram желісінде шырылдап жатқан өнер иелері арасында Айқын Төлепберген, Гүлзира Айдарбекова, Мөлдір Әуелбекова, Бүркіт пен Аиша, Ернар Айдар, Қайрат Нұртас, Жазира Байырбекова және тағы да басқалар бар.
Әртістер отандастарына арнайы видео түсіріп, оның астына #бізбіргеміз және #бізүйдеміз деген хэштегтер қалдырған.