Психологиялық тест: «Балмұздақтың бірін таңдаңыз!»

Oinet.kz 19-03-2020 3553

Балмұздақтың бірін таңдап, өзіңіз туралы біліңіз!

e2e9b0a3-b1bd-48d2-bdf4-5e45fcaca113.jpg

А-рожок.

Рожок - сіздің харизмаға, энергияға толы, ойнақы әрі тартымды жан екеніңізді айтады. Барлық назар үнемі сізде болғанын қалайсыз, сізге ол өте ұнайды, қоршаған ортаңызға тез бейімделіп, сіңісіn кетесіз. Олай болғанымен де кей кездері сіз адамдармен қарым- қатынастан шаршап, энергияңызды қалпына келmіру үшін, өзіңізге ғана уақыт бөлуді қажет етесіз.

В-шыны ыдыстағы балмұздақ. 

Егер де сіз В вариантын таңдасаңыз, онда сіз адамдармен тез тіл табыса аласыз, көп қимылдайсьз және тәуекелге баруға әрдайым дайын жансыз. Сіз өзіңізге де, адамдарға да талапшылсыз. Бірбеткейлігіңіз де бар, кейде "осылай болу керек, басқаша болмайды" деген ұстанымыңызбен адамдар арасынан сізді түсініспеушілік те орын алып жатады. Сізге кішкене икемді болу қажет, соған назар аударғаныңыз жөн

C-рожоктағы шарик балмұздақ 

Сіз өте тәртiпmi және дұрыс, түзу C- жолмен жүретін жансыз. Сізге ойланбай сенім артуга болады. Қоршаған ортаңызға жағымды әрі nайдалы болған сізге ұнайды. Сізге мақтаған ұнайды, ал критиканы дұрыс қабылдай алмайсыз, критика сіздің көңіліңізге қатты тиеді. Кей кездері өз қателіктеріңізді мойындау қиынға соғады. Басқалардың пікірлері қандай болса да, олардан назарды алып, өзіңізге аударыңыз.

D- таяқашадағы балмұздақ 

Бұл вариантты таңдаған жандар көбінде өзінің ойында тұрғанды жайып салатын және сөздерді теріп, ойланып отырудың қажеті жоқ деген пікірді ұстанатын адамдар. Кейде ол қоршаган ортаңызбен қарым- қатынасыңызға зиянын тигізуі мүмкін, бірақ жақындарыңыз сізді осы қасиетіңіз үшін ұнатады. Тіке айту- жақсы қасиет, оны жоғалтып алмаңыз. Бірақтан эмоцияңызды да басқара білген жөн, себебі қатты ашуланған кезде, жақыныңыздың көңіліне сызат түсіретін сөздер айтып қоюыңыз мүмкін.

Өлімге әкелетін пандемия - оба
Қайран қалдырған Ким Пик
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу