232 тіс жұлған
Үндістанда мынадай қызық жағдай болыпты. Мумбай қаласының 17 жастағы тұрғыны Ашик Гаваидің аузынан дәрігерлер 232 тіс жұлған. Стоматология тарихындағы ерекше оқиға Гаваидың төменгі иек сүйегінің ауыруымен басталған.
Sir Jamsetjee Jeejebhoy ауруханасының тіс дәрігері Сунанда Диваре жас жігіттің иегінің ісіп кеткенін, анализ жасап, артынан операция үстеліне жатқызғандарын айтты. Ақ халаттылар операцияда бұрын соңғы кездеспеген бір оқиғаға куә болған. Жас жігіттің төменгі иегіндегі тістердің астында тіс толып тұрды. Дәрігерлер алты сағаттық отада Ашиктен 232 тіс алып шығарды.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл оқиға Гиннесс рекордтар кітабына енгізуге тұрады. Үнді жігіттің тісіндегі ауру «Одонтома» деп аталады екен. Бұл ауру асты шайнап, жұтуда қиыншылықтарға жол ашады.