Табиғаттың жеті кереметі
«New7Wonders Foundation» атты швейцариялық табиғи қор табиғаттың жеті кереметі жайлы жаңа тізім жасау барысында, дауыс беру нәтижесі қ 2011 жылдың 11 айының 11-і күні таңертеңгі 11 сағат 11 минутта аяқталып, қалың көпшілікті таңғалдырады.
«Табиғаттың жеті ғажайыбына» енген табиғи аймақтар:
Амазонка өзені - Оңтүстік Америка құрылығында орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі өзен. Өзеннің сағасын 1500 жылы испан теңізшісі В.Я.Пинсон ашады. Өзен арнасымен 1541 жылы алғаш рет испан конкистадоры Ф. де Орельяк саяхат жасаған. Жергілікті тұрғындар оны Парана-Тинга (Ақ өзен) және Парана-Туасу (Ұлы өзен) деп атап кетеді. Алабының ауданы 7,2 млн. м², ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады. Амазонның негізгі ағысы экватор мен 5˚ оңт. ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса ылғалданған аймақта (жауын-шашынның жылдық мөлш. 1500 - 3000 мм) жатыр. Анд тауынан өткен соң, өзен Амазон ойпатына шығып, оң жақтан келген Укаяли өз-мен қосылып Ұлы Амазонка өзені басталады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы ормандардың арасымен ағады. Мұхиттан 350 км қашықтықта әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аумағы шамамен 100 000 км²). Өзенге көптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының ұзындығы 1500 - 3500 км болады. Укаяли мен Мараньон өз-дері қосылған соң, оның арнасының ені 2 км. орта ағысында 5 км, құйылысында 80-150 км-ге жетеді; суының тереңд. орта ағысын-да 70 м, Обидус қаласы тұсында 135 м-ге, ал құйылысында 15-45 м-ге дейін барады.
Бухта Халонг бұғазы Вьетнамда орналасқан. Осы бұғазды көруге келуші туристер саны өте көп. Бұл бұғаздағы аралдардың шамамен 1,900 елсіз аралдар болып табылады. Табиғаты өте көз тартарлық бұл жер барлық адамдарды таңқалдырады. Алып үңгірлер мен көптеген өзендер Бухта Халонгты әлемнің ең ғажап мекені екенін дәлелдей түсері сөзсіз.
Игуасу - Оңтүстік Америкадағы Парана өзенінің сол жақ саласы - Игуасу өзеніндегі сарқырама.
Өзеннің Аргентина мен Бразилия мемлекеттерінің шекарасымен өтетін бөлігінде, Паранаға құятын жерінен 26 км жоғары орналасқан. Ені 2700 м, биіктігі 72 м, жылдық орташа су ағыны 1725 м3/с. Су базальттан түзілген екі тік жардан асып, шатқалға құлайды. Сарқырама тармақтарының аралығы жартастармен бөлінген. Сарқыраманың буырқанған суының сарылы 20 - 25 км жерден естіледі. Игуасу өзенінің каньоны мен сарқырамасы ұлттық саябақ болып жарияланған (1939ж.).
Чеджу аралы Сеулден ұшақпен ұшқанда бір сағат алатын Корей түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Шығысын Тынық мұхиты, ал оңтүстік пен батысын Оңтүстік-Қытай және Сары теңізі қоршаған. Жұмсақ теңіз климаты, оңашаланған жер, бірегей табиғат және вулкандық ландшафтар Чеджу аралына ерекше романтикалық арал имиджін қалыптастырған.
Чеджу аралы миллиондаған жылдар бұрын вулкан атқылауларынан пайда болған арал деп есептеледі. Ежелде арал Тхамна деп аталып, тәуелсіз мемлекет болған екен. Кейін Силла, сосын Корё мемлекеттері басып алып, бертін келе Корейліктердің иелігіне өткен.
Комодо аралы Индонезияда орналасқан. Жалпы көлемі 390 км² құрайды. Алғашында жергілікті Комодо айдаһарын сақтап қалу мақсатында Индонезияда құрылған Комодо ұлттық саябағы қазіргі уақытта саябақтағы барлық жан-жануарларды қорғауға алған.
Құз баурайы, қалың өсімдік жамылғысы, аппақ құмды жағажай және су астындағы маржанды жартас, тұнық су - осының бәрі Ұлттық саябақтағы алаңсыз табиғатты үйлесімді етеді. Алып кесірткелер де саябақтың әдемі бір көрінісін аша түскендей әсерге бөлейді.
Пуэрто-Принсеса жерасты өзені Филиппиннің солтүстігінен 50 шақырым жерде орналасқан Пуэрто-Принсеса қаласына жақын маңдағы үңгір арқылы ағып өтеді.
Ашық, тартымды және көне ағаштармен қоршалған шағын мүйіс Сізді ғажайып жерасты өзеніне алып келеді. Туристер ұзындығы 82 шақырым болатын кеме жүзетін өзен арқылы жүзіп өтіп, тыныш және тамаша көріністердің куәсі болады.
Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан сталагмит (тау үңгірі еденіне тұрып қалатын әк тұнба) және сталактит (тау үңгірі төбесінен аға-аға салбырап тұратын әк тұнба) түрінде орналасқан үңгірдегі тастар түрлі заттардың пішінін көзге елестетеді.
2007 жылы Пуерто-Принсеса жерасты өзені ашылғанға дейін Юкатан жартыаралындағы жерасты өзені әлемдегі ең ұзын жерасты өзені деп саналған.
Тэйбл тауы - Оңтүстік Африканың рәмізі және Кейптаунның ең көрнекті жері. Таудың ең биік шыңын қоса есептегенде биіктігі теңіз деңгейінен 1,086 метрді құрайды. Тэйбл тауы алты миллион жылдық эрозия нәтижесінде қалыптасқан. Бұл экожүйе гүлдер патшалығымен, әсіресе дәстүргүл (ұсақ ақ, қызғылт не қызыл гүлі бар бақ өсімдігі) гүлінің 250 түрі арқылы ерекшеленеді. Ас таулары Кейптаунның кез-келген нүктесінен көрінеді.