«Тірі» почта
Почта қызметі адамзат өміріне енгелі бері әлемнің түкпір-түкпірімен байланыстың нығая түскені анық. Әдетте почтамен хат, түрлі заттар, тіпті кейде жан-жануарларды да жіберіп жатамыз. Алайда адамды почтамен жіберген дегенді естуіңіз бар ма? Мұндай заң 1913 жылы Америкада пайда болған. Яғни балаларды ата-әжесіне, туысқандарына почта арқылы жіберуге заң жүзінде рұқсат етілген.
Киімдеріне "Тірі жолдама" деген почта баспасы койылып пойызбен почталық курьер бақылауында жөнелтілген. Бағасы: 53 цент болған. «Тірі» почта қызметін ең алғаш пайдаланған Джесси мырза болатын. Ол Огайо штатынан Вемон елді-мекеніне Луи ханымға немересіе салып жібереді. Курьерлер балақайды әжесіне аман-есен жеткізіп берген.