Осыдан 58 жыл бұрын Семей полигонының ядролық жарылысы алғаш рет орын алды

Oinet.kz 11-10-2019 1061

Screenshot_3.jpg

1961 жылы 11 қазанда Семей сынақ полигонында Кеңес Одағы ең алғашқы жерасты ядролық сынақ өткізді. 1963–1988 жылдары бір жылда 14–18 сынақ өткізіліп, жер астында ұзын-саны 343 ядролық жарылыс болған екен. Ядролық бұл жарылыстардан шыққан радиация төңірекке кеңінен таралды.

Жергілікті халықты эвакуацияламағандықтан, мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдықса, сәбилер дүниеге мүгедек болып келген. 1962-1989 жылдары Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 сынақ жүргізілген. Жойқын жарылыс салдарынан Дегелең тауы қиыршық тас үйіндісіне айналды. Әрбір үшінші жарылыстан кейін жер бетінде пайда болған  саңылаулардан радиоактивті газ шыққан. Улы газ аймақтағы жан-жануар мен жергілікті тұрғындарға зиянын тигізді.

Ең ауыр сынақтың бірі 1989 жылы 12 ақпанда өтті. Таудағы үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылып, екі тәулік бойы жер бетіне шыққан радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты қамтыды. Статистикаға сүйенсек, жалпы Қазақстанда Семей полигонындағы сынақтардан 1,5 миллионнан астам адам зардап шеккен.

1991 жылдың 29 тамызда қасіретті полигонның үні мәңгіге өшті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. «Мен Кеңес одағының әскери-өнеркәсіптік кешені мен басшылықтың қысымына қарамастан, Қазақстан халқының арқасында ядролық полигонды жаптым», – деп Елбасы өткір пікір білдірген. Осылайша, Қазақстан әлем бойынша ядролық қарудан бірінші болып бас тартқан ел ретінде тарихта аты қалды.

Кімге орын берер едіңіз?
«Мерседес» компаниясының атауы қайдан шықты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу