Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды
Антибиотиктер пайда болғанға дейін кез-келген инфекция адам өміріне қауіп төндірді. Инфекцияның әсерінен пайда болатын тонзилитті орта ғасырда емдейтін препарат болмағасын оның соңы баспаға ұласып жататын. Ал баспаны емдеу тіптен мүмкін емес еді.
Бірақ ХІХ ғасырдың дәрігерлері қарап отырған жоқ. Баспаны емдеу үшін олар гильотина құралын ойлап тапты. Хирург алдымен көмекей безді құралмен шаншып алады. Кейіннен гильотиннің өткір жүзімен оны кесіп алған. Құрал отаны әлдеқайда жеңілдетті. Себебі көмекей безді алу барысында пациенттер дәрігердің саусағын қыршып алатын кездер болған.