Қара бұрыштың емдік қасиеті

Oinet.kz 22-02-2020 800

Бүгінде қандай тағам болсын қара бұрышсыз елестету қиын. Ет, балық, қозықұйрық және көкөністерден дайындалған тағамдарға бұрышты дәмдеуіш ретінде міндетті түрде қосамыз. Ұнтақталған қара бұрыштың көптеген емдік қасиеті де бар. Мәселен тәбетті ашады, кекіруді басады, қақырықты сұйылтады және қан айналымын жақсартады. Назарларыңызға ұнтақталған қара бұрыштың одан өзге де емдік қасиеттерін ұсынамыз.

image.png

✅ 1. Тыныс алу жолдарына суық тигенде 1 ас қасық ұнтақталған қара бұрышты 1 стақан балмен араластырып, 1 шай қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Сонымен қатар бұл емдік әдіс жүрек ауырғанда және зәр айдайтын дәрмек ретінде жақсы көмектеседі.

✅ 2. Ұнтақталған қара бұрыштың «қанды қыздыратын» қасиеті бар. Ол үшін бір апта бойы бірдей мөлшерде қант пен ұнтақ бұрышты араластырып (жарты шай қасығын 1 стақан сүтпен) ішеді. Нәтижесі бір емнен кейін байқалады.

✅ 3. Теміреткі (лишай) шыққанда қына мен бұрышты араластырып, теріге жағады.

✅ 4. Буын аурулары, сүйек сынғанда, сал, неврит және бұлшық ет әлсірегенде қара бұрыштан мынадай май дайындайды. 1 стақан зәйтүн майы мен 1 ас қасық ұнтақ бұрышты қосып, баяу отта бірнеше минут қайнатады. Бөлме температурасында салқындатып сүзгіден өткізеді. Ауырған жерге жағады.

✅ 5. Егер шаш көп түсетін болса, тұз, қара бұрыш, пияз сөлін бірдей мөлшерде араластырады. Қоспаны шаштың түбіне жағады. 20-30 минуттан соң жуып тастайды. Бұл маска емдік пайдасымен қатар шаштың өсуін жеделдетеді.

Ескерту:

Қара бұрышты бүйрек, қаназдық, аллергия секілді дерттерде және қуықта кінәрат болған жағдайда ем ретінде қолдануға тыйым салынады.

Тісті қорғау – денсаулық кепілі
Бүйрек ауруының басты белгілері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу