Әліпбидің жаңа нұсқасы көңілден шықты ма?
01-02-2021
Адамдардың айнымас серігіне айналған құлаққаптың қандай зауалы бар? Әдемі локациялы тамақтану орындары, маркетингтік айла қолданушылары жоғары дыбыс арқылы клиент тартуға құштар. Жоғары динамикадағы дыбыстар қоршаған ортада көптеп кездеседі. Мұның бәрі адам ағзасына қаншалықты әсер етеді?Біз көптеген ғалымдардың пікірін сараптауға әрекет жасадық.
Жоқ, олай болуы мүмкін емес
Кенсингтондағы Жаңа Оңтүстік Уэльс Университеті қатты концерттен кейін уақытша есту қабілетінің жоғалуы есту органдарының зақымдалуымен емес, дененің қорғаныс реакциясымен байланыста диді. Университет ғалымдары зерттеу қорытындысында адамның жоғары динамикалы концерттен кейін есту қабілеті бірнеше сағаттан соң қалпына келетінін зердделеген.
Иә, солай болуы мүмкін
Сынамада ерікті студенттердің құлағына өте сезімтал микрофон орнатқан. Оларды клубқа барғанға дейін және одан кейін сынап көрген зерттеушілер кейбір қатысушылардың құлағында ақау болғанын пайымдаған. Қатысушылардың есту қабілеті бірнеше күннен кецін қалыбына келген.
Қорытынды: жоғары динамикалы дауыс есту қабілетіне қауіпті
Өзгерісті тіпті өз құлағыңыздан аңғарсаңыз болады. Лабиринтте (ішкі құлақ деп аталады) арнайы сезімтал жасушалар өмір сүреді. Елена Химичева, жоғары санатты оториноларинголог, м.ғ. к., қатты дыбыстар құлақты зақымдайтынын жеткізді. Маманның сөзіне сүйенсек, сондықтан жоғары дыбыстан соң бас ауруы, бас айналуы, есту қабілетінің төмендеуінен зардап шегесіз. Егер Шу 85 децибелдің рұқсат етілген деңгейінен асып кетсе, адамның есту құрылғыларын қолдануға қажеттілігі туындайды.
Суреттер ашық дереккөзден алынды.