Саңырауқұлақ - дәмді әрі улы
Саңырауқұлақтар жағымды спецификалық дәмімен және хош иістілігімен айрықшалынады. Десе де, саңырауқұлақтарды жинау, сату, сақтау және тұтыну барысында аса мұқият болған жөн. Өйткені, тұтынуға жарамсыз өлімге әкелетін улы саңырауқұлақтар бар. Бұл әсіресе көктем айларында белең алып жатады. Жалпы, саңырауқұлақпен уланудың негізгі себебі-улы және жеуге арналған саңырақұлақты айыра білмеу, жеуге арналған саңырауқұлақтардан тамақ жасауда, үй жағдайында консервілер дайындау кезінде қателіктер жіберу болып табылады.
Саңырауқұлақпен уланудың симптомдары төмендегілерді қамтиды:
• Жоғары қарқындылықты іштегі, көбінесе асқазан мен кіндіктің тұсындағы аймақта толғақ тәрізді ауырсыну;
• Жүректің айнуы, көп рет қайталанушы қалжыратататын және тез арада сусыздануға әкелетін құсу;
• Диарея (іш өту); • Әлсіздікке, бастың айналуы мен ауыруына әкелетін жалпы уыттану;
• Жүректің уытты зақымдалуының белгілері – артериялық қысымның төмендеуі, аритмияның дамуымен жүрек қызметін ауырлату;
• Сананың ауырлауы, сіңірлердің тартылуы, сезімталдықтың бұзылуы, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылулары және бас миына уыттардың әсер етуімен байланысты басқа белгілер;
• Уытты гепатиттің (бауырдың зақымдалуы) дамуы салдарынан сары ауру;
• Несеп бөлінуінің мөлшері азаю, онда қанның пайда болуы, белдің ауруы. Бұл жіті бүйрек жетіспеушілігі дамуымен бүйрек қызметінің бұзылуының белгілері;
• Эритроциттердің – оттегін тасымалдау үшін жауапты қан жасушаларының ауқымды ыдырауы (гемолиз). Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті саңырауқұлақпен улануға жол бермеу мақсатында төмендегі қағидаларды ұсынады:
• Саңырауқұлақтың жеуге жарамдылығында қандай болмасын күмәннің пайда болуы кезінде – оны тамақ ретінде қабылдаудан қалтқысыз бас тарту;
• Саңырауқұлақты аспаздық өңдеу мен дайындаудың ережелерін сақтау. Бұл әсіресе шикі түрінде тамаққа қолдануға болмайтын шартты түрде жеуге жарамды түрлерін тұтыну кезінде маңызды.
• Саңырауқұлақ теру ережелерін сақтау. Үлкен жолдардың бойында, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маңында, құрғақтык кезінде терілген саңырауқұлақтар жеуге жарамсыз болып саналады;
• Тамаққа тек жаңадан терілген, бүліну белгілері жоқ және саңырауқұлақ шыбындарымен ластанбаған саңырауқұлақтарды пайдалану;
• Бұрын дайындалған саңырауқұлақтың сақтау ережелерін бұзбау;
• Кептірілген саңырауқұлақты сатып алудан бас тарту, өйткені дайындаудың бұл тәсілі жеуге жарамды түрлерін улылардан дұрыс ажыратуға мүмкіндік бермейді. Үй жағдайында тұздалған және маринадталған саңырауқұлақты сатып алмау қажет. Ескеретін жайт, саңырауқұлақпен улану жағдайы орын алғанда тез арада міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Өз бетінше басқа да препараттарды тағайындауға және қабылдауға болмайды.