Ит асырасаңыз тазалықты ұмытпаңыз!

Oinet.kz 03-06-2020 897

Эхинококкоз – зооноздық биогельминтоз, паразитарлық індет өлімге әкелетін, ауыр асқынулармен өтеді.

image.png

Ауру қоздырғышы - паразит ұсақ жалпақ таспалы құрт, мөлшері 2-7мм. Инвазия көзі – ит, қасқыр, шабал, түлкі, мысықтар. Аралық иесі адам, ірі және ұсақ мүйізді мал, шошқа және басқа да шөпқоректі жануарлар. Иттер личинкалармен зақымданған мал мүшелерін жеген кезде жұғады.

     Себептері: мал шаруашылығы дамыған аудан-дарда қаңғыбас иттердің көп болуы; жеке бас гигиенасын сақтамай балалардың итпен ойнауы, тығыз қатынаста болуы, итті үйде ұстауы; ластанған суды ішу; ластанған жеміс-жидекті, көкіністі жеу; қолайсыз әлеуметтік-тұрмыстық факторлардың болуы, мал өнімдері қалдықтарын зарарсыздандыратын аспаптар мен дәрі-дәрмектердің болмауы керек.

Эхинококкоз ауру кезіндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар:

1) жеке гигиена ережелерін сақтау, иттермен тығыз қарым-қатынаста болудан аулақ болу, көкөністерді, жемістерді және қолды иттермен қарым-қатынаста болған соң, сондай-ақ жермен жұмыс істегеннен кейін, жануарларды күткеннен кейін, қой жүнді жанасқаннан кейін, иттердің терісін бөлгеннен кейін мұқият жуу қажет. Аулаларды тазалау бойынша жер жұмыстарын жүргізу, ауаның шаңдануына байланысты сыпыру (әсіресе иттер орналасқан аулаларда) тек дәке таңғыштарда немесе респираторларда жүргізіледі.

2) Иттерді ұстау ережелерін сақтау: итке бетті жалтыратуға, диванға, төсекке секіруге, ас үйге кіруге, итті тек оған бөлінген ыдыстардан азықтандыруға рұқсат бермеу. Аулалар мен иттерді ұстау орындары санитарлық тазаланады. Иттерді үй және жабайы жануарлардың ішкі ағзыларымен азықтандыруға қатаң тыйым салынады.

3) Үй жануарларына дегельминтизация жүргізу және қаңғыбас иттерді жою ветеринарлық қызмет жүргізуі тиіс. Эндемиялық аудандарда әрбір 45 күн сайын үй иттерін бірінші кезекте алдын ала дегельминтизациялауы қажет. Дегельминтизацияны арнайы, цементтелген (асфальтталған) алаңдарда, кейіннен нәжістерді металл сыйымдылыққа жинай отырып ұйымдастырады, оны 3 сағат 10% хлорлы әктің ерітіндісімен құяды. Осындай ерітіндімен алаңды зарарсыздандырады және топырақты өңдейді.

4) Қоғамдық тамақтану орындарында тамақ өнімдерін (бауырдан жасалған кәуап) дайындау кезінде ет пен бауырды мұқият термиялық өңдеуге назар аударыңыз, себебі эхинококк құрттары болуы мүмкін. Етті бөлу кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды мұқият жуу, тақтайларды, пышақтарды, балталар мен басқа да өңдеу заттарын мұқият өңдеу қажет.

4) Эхинококкоз бойынша қолайсыз елді мекендердің тұрғындарына скринингтік тексеру жүргізу.

5) Операция жасалғаннан кейін 5 жыл бойы диспансерлік бақылау.

А.КУЗЬМИНА,   Түркістан облысы 

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы

Оң жақ құлағыңызбен тыңдаңыз!
Дәрі қобдишасын реттейік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу