«Көйлекпен» туылғандар бақытты
Жолы болғыш адамды «көйлекпен туылған» деп жатамыз. Бұл тіркес жәйдан жәй айтылмаған. Медицинада мұны тура мағынасында түсінуге болады.
Сәби ана құрсағында қағанақтың (околоплодный пузырь) ішінде жатады. Толғақ қысып, шарана жарық дүниеге келер кезде қағанақ жарылуы тиіс. Ал кейде бұл қорғаныш қабаты жарылмай қалады да ол шақалақтың денесіне көйлек секілді жабысып қалады. Дәрігерлер мұндай баланы «көйлектен туылды» деп айтады. Ал үлкендер қағанақпен өмірге келген баланы бақытты, жолы ашық болады және бір өлімнен аман қалады деп ырымдаған.