Алтын тамыр

Oinet.kz 03-06-2020 1085

Алтын тамыр 400 жылдан астам уақыттан бері халық медицинасында қолданылып келеді. Біздің еліміздің ғалымдары 1930 жылдан Алтай маңын мекендеген халықтарға белгілі осы дәрілік өсімдікті іздеп табу ісімен шұғылдана бастады. Соның нәтижесінде 1931 жылы совет ғалымы Г.В.Крылов басқарған экспедиция алтын тамырды Алтай тауларынан тапты.  

Алтын тамыр Алтай мен Тарбағатай тауларының таңдаулы жерінде ғана ...

Құрамында глюкозид, илік заттар, флавоноидтер, крахмал, органик, қышқылдар, эфир майы бар. Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабілетін күшейтетін, шаршағанды басатын дәрі ретінде пайдаланады.  Асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге де, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады.   Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады. Әсіресе, ой еңбегімен айналысып, шаршаған адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттыратыны белгілі болды.  Жүргізілген зерттеу жұмыстары алтын тамырдың дәрілік  қасиеттері маралшөп тамырының дәрілік қасиетінен анағұрлым күштірек екенін көрсетті. Алтын тамыр өте сирек кездесетін түр болғаңдықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Осындай да феномен болады
Көзге түскен бөгде затты су арқылы алуға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу