Купероз деген не?

Oinet.kz 26-05-2020 2802

Купероздың себеп-салдары

Сезімтал теріге ие адамдарда қызыл тамырлы торлар капиллярлар жұмысының бұзылуынан, атап айтқанда тері жамылғысының икемділігінің төмендеуінен пайда болады. Купероз әсіресе сезімтал терілерде жиі байқалады. Ол терінің сыртқы кейіпін бұзып қана қоймай, микроциркуляция жүйесі мен оның қоректенуіне кедергі келтіреді. Әдетте купероз бет терісінде, мұрын қанатында және иекте байқалады.

Купероз нремесе торланған тамырлардың пайда болу себептері әртүрлі. Тұқым қуалайтын бейімділіктен және аутоиммундық процестерден, ауа райының және дұрыс емес күтімнің ықпалынан да болуы ықтимал. Ал купероз тудыратын басты сыртқы факторлар температураның қатты ауытқуы, моншалар, сауналар, терінің үсуі, күн сәулесі, мұзды сумен жуыну салдарынан болып жатады. Сонымен қатар, капиллярлардың сезімталдығының әлсіреуіне шылым шегу мен алкогольді ішімдіктер тұтыну (қан тамырларын кеңейтетін зиянды әдеттер), кофе мен ашшы тағамдарды шамадан тыс қолдану, стресс (қан тамырларының жамылғылары зақымдалатын қысымды арттырады) және косметикалық процедуралар (дұрыс жүргізілмеген инъекциялар) тікелей әсер етеді.

Төменгі аяқтардың терең тамыр тромбозын емдеу - Варикозды веналар ...

Купероздың алдын алу

Бірінші кезекте адам өзінің күнделікті ас мәзірінен ашшы тағамдарды мүлде алып тастауы қажет. Себебі олар тамырлардың кеңеюіне алып келеді. Бұл әсіресе куперозға генетикалық бейімділігі бар адамдар үшін өзекті. Қосымша жоғарыда көрсетілген бірқатар зиянды әдеттерден де бас тарту қажет.

Теріге күтім жасау кезінде контрастты су деңгейін қолданудан бас тарту да маңызды. Мәселен, оларға бу ваннасы, косметикалық мұз, сұйық азот, спиртті тоник, криотерапия жатады. Сондай-ақ, куперозға бейім теріні скрабтармен және агрессивті пилингтермен тазалауға болмайды, себебі олар да капиллярлар жамылғыларының сынғыштығына алып келеді. Оларды өсімдік ферменттері негізіндегі жуғыш құралдармен алмасырған жөн.

Дәрігердің бақылауымен арнайы микроэлементтерді қабылдауды бастау керек. Қан тамырларын нығайту үшін әсіресе К, Е және С витаминдерін пайдалану тиімді. Иісмайлар мен сарысулар капиллярлардың қабырғаларын нығайтуға және зақымдалған жерлерді қалпына келтіруге көмектеседі. Әсіресе, түймедақ, құлмақ, арника, сандал ағашы, ши майы, жожоба және аллантоин, бисаболол сияқты ингредиенттерден тұратын косметикалық құралдырды пайдалануға кеңес беріледі. 

Айқын куперозда қандай құралдар қолданылады?

Барлық косметикалық брендтер тері жамылғысындағы қызыл тамырлы торлардан арылтатын түрлі иісмай, тониктерді ұсынады. Алайда, оның салдарын жою үшін себептерін білу маңызды. Сондықтан егер өміріңізде теріге зиян келтіретін заттар әлі де басым болса, ешқандай косметикалық құралдар көмектеспейтіні анық. Сондай-ақ, тері күтімі үшін қолданылатын агрессивті құралдардан да бас тартуға міндеттісіз.

Тамырлы торды жоюдың тиімді тәсілдері

Купероздан құтылудың кәсіби тәсілдерін пациент қатаң түрде тек емдеуші дәрігердің нұсқауымен ғана жүзеге асыра алады. Сарапшылар ең тиімді тәсіл ретінде тиімді лазер мен фотопроцедураның тамырларды жоюға бағытталған түрлерін ұсынуы мүмкін. Бірақ, процедуралар тек уақытша нәтиже береді. Бұл аппараттармен емделу (Sciton, Sharplite, M22) кейде өмір бойына созылып жатады.

Куперозды косметика арқылы қалай жасыруға болады?

Куперозды емдеуде кәсіби терапияның әсері уақытша болғандықтан, зақымдалған теріні сәндік косметикамен де жасыруға болады. Ең бастысы – қызаруды бейтараптандыратын жасыл реңкті түзеткіштерді (база) қолдану. Оларды зақымдалған теріге жағып, содан кейін тоналды креммен немесе консилермен жабу қажет.

Куперозды жою

Куперозды торлардан құтылу үшін бүгінгі күні ең тиімді емдік шара – лазер. Алайда, бұл процедураның тиімділігі купероз дәрежесіне байланысты. Егер купероз стресс, қысымның күрт өзгеруі немесе теріге механикалық әсер ету салдарынан пайда болса, онда лазердің көмегімен бұл қызыл тамырлар ошағын оңай жоюға болады. Ал купероз терінің едәуір бөлігін алып жатқан болса, лазердің көмегімен купероздың тек жартылай бөлігін ғана жоя аласыз, толықтай құтылу мүмкін емес, ол қауіпті болуы да мүмкін.

Куперозды лазермен емдеуді күз, қыс мезгілдерінде жүргізген жөн. Егер де лазерлік емдеу жаз мезгіліне тура келіп тұрған жағдайда, күн көзінен үнемі қорғайтын кремдермен (SPF), жамылғылармен қорғанып жүруге және де теңіз-көлдерден бас тартуға тура келеді.

Жас шамасына қарай купероз проблемасы тереңдей түсетінін есте сақтаңыз. Өткір, ысталған, тұздалған тамақтардан бас тартыңыз. Шоколад, какао, бұршақ, мейіз, інжір, бауыр, ірімшік, маринадты тұтынуды шектеңіз. Купероз өміріңіздің соңына дейін мазағанын қаламасаңыз, емді қазіргі уақыттан қолға алыңыз.

«Абрака дабра» нені білдіреді?
Качество питьевой воды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу