Дальтонизм – еркектерге тән ауру
Бала түстерді 3-4 жасында ажырата бастайды. Алайда жер бетінде түс ажырата алмайтын адамдар да бар. Оларды дальтониктер деп атайды. Бір немесе бірнеше түсті ажырата алмаушылық дальтонизм дерті тұқым қуалайды.
Бір қызығы аталған дертпен тек еркектер ауырады екен. Мұның себебін ғалымдар ер адамның генетикасында кездесетін Х хромосомасымен байланыстырады. Яғни, еркектерде тек бір ғана Х хромомасы болады екен, әйелдерде ол екеу. Әлгі хромосаның жұмысы бұзылса оның соңы түс ажырата алмаушылыққа әкеліп соқтырады. Ал әйелдерде ол зақымдалғанымен екінші хромосома сау болса қызылды-жасылды дүниені ажырату қабілетінен айырылмайды.