Инфаркт жайлы 6 аңыз

Oinet.kz 26-05-2020 962

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жүректің ишемиялық ауруы (инфаркт) мен инсульт өлімге апаратын 10 басты дерттің ішінде көш бас­тап тұр. Инфаркт дегенде бірден көз алдымызға жүрек ауруын елестетеміз. Бірақ, медицинада бұл дерттің бірнеше түрі бар. Олардың қатарында миокард инфарктісі (кең таралған түрі), ми инфарктісі (ишемиялық инсульт), бүйрек инфарктісі және көкбауыр инфарктісі бар.

image.png

"Инфаркт бір қайталанса, тағы қайталанады", "инфаркт алған адамның жүрегі бірден тоқтап қалады", "инфарктен соң спортпен айналысуға болмайды" дегенді жиі естиміз. Бірақ дәрігерлер мұндай аңыздарға сенбеуге кеңес береді. Кардиолог Диана Досбаева қазақстандықтардың арасында инфаркт жайлы айтылатын қате пікірлерді атап, сол аңыздарды жоққа шығарды:

1. Инфаркт алған адамның жүрегі міндетті түрде тоқтап қалады. Бұл қате пікір. Инфаркт кезінде адамның жүрегі тоқтап қалуы сирек жағдай. Инфаркт алған адамның тыныс алу аритмиясының қаупі артып, нәтижесінде жүрек ырғағының жұмысы бұзылады. Ол кезде көбінің басы ауырып, есінен танып қалып жатады. Не болмаса тыныс алуы қиындап кетеді. Бұл сәтте міндетті түрде медициналық көмекке жүгінеді. Кәсіби мамандар аритмия қаупін жойып, жүректің тоқтап қалуын алдын алады.  

2. Инфаркт алғанда көкірек қуысы ауырады. Инфарктінің белгілері әртүрлі болады. Бірақ ол көкірек қуысы ауырады деген сөз емес. Мысалы, миокард инфарктісі кезінде адам әлсіреп, лоқсып, дұрыс тыныс ала алмай, қатты терлейді. Тіпті кейде иегі ауыруы мүмкін. Инфарктінің басқа түрлерінде белгілер мүлде байқалмауы мүмкін. Қант диабетіне шалдыққандар инфаркт алып жатса, ешқандай да ауырсыну болмайды.

3. Темекі инфаркт алу қаупін арттырмайды. Жалпы медицинада темекі кез келген ауырсынуды күшейтеді. Себебі никотин тамырлардың эндотелий қабатының жұмысын бұзып, инфаркт алу қаупін екі есеге дейін арттырады. Күніне бірнеше темекі шеккен адамның артерия қызметі де бұзылып, онда тромб пайда болуы мүмкін. 

4. Инфаркт бір қайталанса тағы қайталанады. Көбі инфаркт алғандардың қалыпты өмірге келе алмай, тағы да бірнеше жылда инфаркт алады деп ойлайды. Бұл қате пікір. Дерттің алдын алу үшін міндетті түрде электркардиография (ЭКГ-ға) түсу қажет. Электркардиография – бұл жүрек жұмысы кезінде пайда болатын электр өрістерін зерттеу және тіркеу әдісі. Электркардиография кардиологияда қолданылатын электрфизиологиялық аспаптық диагностика әдісі болып саналады. Электркардиографияның нәтижесінде электркардиограмма алынады. 

5. Спорт инфаркт алудың қаупін төмендетеді. Әрине, спортпен айналысқан өте дұрыс. Дегенмен барлығында мөлшерлі жүктеме болуы тиіс. Бұл жүрек бұлшықетінің жиырылуын жақсартады. Бірақ, дегенмен шамадан тыс жүктеме мен күнделікті өмірде спортпен айналысып жүргендердің инфаркт алу қаупі төмен деп айта алмаймын. Спорт бұл жағдайда кепіл бола алмайды.

6. Инфаркт алған адам қалыпты өмірге орала алмайды. Кез келген организмді қалпына келтіруге болады. Әрине, адамның инфаркт алғанға дейінгі денсаулығының маңызы зор. Дегенмен мықты дәрігерлердің көмегімен және олардың дұрыс емдеу әдісімен толықтай жазылуға болады. Барлығы мамандарға байланысты. 

Науқас бірінші кезекте сауықтырудан өтуі қажет. Бұл оның қайта қалпына келуіне септігін тигізіп қана қоймай, инсульт пен инфарктінің алдын алуға көмектеседі.  Осы ретте дәрігер қанда глюкоза мен холестирин деңгейін бақылап жүруге кеңес береді. Әсіресе, қант диабетіне шалдыққанда абай болу керек дейді.

Кардиолог жылына кем дегенде бір рет тексеріліп тұру керектігін айтады. Медицинаға сүйенсек, тамақсыз 12 сағаттан кейінгі холестериннің деңгейі 200 мг/дл [5,2 ммоль/л] кем болмауы тиіс. Жалпы холестериннің деңгейі 240 мг/дл [6,2 ммоль/л] жоғары болса, онда холестериннің деңгейі жоғары деп саналады, ол өз кезегінде жүрек-қан тамырлары ауруларының ықтималдылығын арттырады. Сондықтан дәрігерлер холестериннің деңгейін төмендететін емдік препараттарды қабылдауға және майлылығы төмен диетаға отыруға кеңес береді. Холестериннің деңгейі мына факторларға байланысты көтеріледі екен:

- ашушаңдық;

- физикалық жүктеменің болмауы;

- темекі тарту;

-  артық салмақ.


Көкөніс, жеміс-жидекті білетін адамнан алыңыз
Дальтонизм – еркектерге тән ауру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу