Әйтенов уәдесін орындай ала ма?
31-05-2023
Сағызды осыдан 140 жыл бұрын Америка елінде ойлап тапқан. «Кәрі құрлықта» сағыздың 100 түрі өндіріледі. Орта есеппен әрбір американдық азамат жылына 300-ден астам сағыз пайдаланады.
Жарнамаға сенсек сағыз адам ағзасына пайдалы. Ал шын мәнінде оның құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді. Екіншіден, Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады. Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады. Төртіншіден, сағыздан тістің сыртқы қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады. Бесіншіден, сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер.