Балмұздақтан уланудың алдын алу

Oinet.kz 25-05-2020 1199

Жұмсақ балмұздақ – фризерде дайындалған және тез мұздататын камерада шынығу процесінен өтпеген сүт өнімі. Бұл жаз айларында балалардың, тіпті ересектердің ең жиі тұтынатын тәттілерінің бірі болып табылады. Балмұздақ - дәмділік қасиетімен ғана емес, сонымен қатар тағамдық, биологиялық құндылықтармен бағаланады. Жалпы, балмұздақтың құрамы: майлылығы-10% сүт, құрғатылған сүт (9-12%), сонымен қоса протеин, лактоза, қант (12-16%), бояу қоспалары (0,2-0,5%) және судан (55-64%) тұрады.

Как появилось мороженое? - Кулинарные советы для любителей ...

Балмұздақ адамды психологиялық күйзеліс пен ұйқысыздықтан арылта алатын қасиетке ие. Ол адамның көңіл күйін көтеріп, ұйқысын ретттеп, қан қысымын қалыпқа түсіреді, ағзаға табиғи стимулятор ретінде ықпал етеді. Дегенмен балмұздақтың зиянды жақтары бар екені де мәлім. Балмұздақ арнайы технологиялармен жабдықталған жерде жасалуы тиіс.

Тамақтану обьектілерінде жұмсақ балмұздақты дайындау кезінде:

1) оның өндірушінің техникалық құжаттамаларымен (технологиялық нұсқауы, рецептурасы) сәйкес дайындалуы қамтамасыз етіледі;

2) тоңазытқыш жабдықтың тез тоңазытатын камерасында немесе тоңазытқыш камерада қатыру процессін жүзеге асырмай өндірістік технология қолданылады;

3) құрғақ қоспалардан немесе концентраттардан дайындалған қалпына келтірілген қоспалар пайдаланылады, қоспаларды қалпына келтіру үшін жаңа қайнатылған ауыз су пайдаланылады;

4) шикі жұмыртқа, шикі пастерленбеген сүтті пайдалануға жол берілмейді;

5) қалпына келтірілген қоспаларды дайындау өткізу шамасына қарай жүргізіледі;

6) сумен жабдықтаау және су тарту жүйелері жоқ тамақтану обьектілерінде оны өндіруге жол берілмейді;

7) оны дайындау орындарында ғана өткізуге жол беріледі.

Салқын тағамдарды, жұмсақ балмұздақтарды, кремі бар кондитерлік бұйымдарды дайындауға арналған цехтардағы (үй-жайларда, бөлімшелерде, учаскелерде) өндірістік үстелдердің үстіне бактерицидтi (стационарлық немесе жылжымалы) сәулелендіргіштер орнатылады, олардың орналасқан орны, режимі және өңдеу тәртібі, пайдалануы, олардың жұмыс уақытының есебі бактерицидті сәулелендіргішті пайдалану жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес қойылады.

Күнделікті, салқын, ыстық және кондитерлік цехтарда, жұмсақ балмұздақ жасайтын тамақтану объектілерінде, ұжымдасқан ұйымдардар үшін дайындайтын және қызмет қөрсететін жұмыс ауысымының басталуы алдында жауапты адам тағам дайындаумен, порцияларға бөлумен және тағамдарды сәндеумен, оларды үлестірумен айналысатын жұмыскерлер денесінің ашық бетін іріңді аурулардың, шағын жарақаттардың болуына қарап тексеріледі. Терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарына катарактасы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмейді.

Сапасыз, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін балмұздақты сататын нүктелер қаламыздың кез келген жерінде ашық күйінде саудалануда.

Балмұздақтан бруцеллез, жіті ішек инфекциялары аурулары таралуы мүмкін. Бұл аурулар негізінде құйылмалы балмұздақтарда көп кездеседі. Бірақ алушылардың ешбірі қауіптеніп, одан бас тартып жатқанын көрмейсің. Сол себепті оны тұтыну барысында аса мұқият болған жөн. Балмұздақты алмас бұрын, ең әуелі шығарылған мерзімін, сақтау мерзімін қарап, құрамымен танысу қажет.

Балалар мен стоматолог
Адамға қауіп қайдан келеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу