Қимыл-қозғалыс – саулық кепілі
Қазірге кезде қазақстандықтардың денсаулық көрсеткіштерін әлемдегі 30 дамыған елдердің денгейіне жеткізу мақсатында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл тәсілді «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер», «Оқушылардың денсаулығын нығайтудың кешенді бағдарламасы», «Балаларға қамқорлық кешенді бағдарламасы», «Денсаулық мектебінің Еуропалық жүйесі» секілді денсаулықты сақтау бағдарламаларында халықаралық ұйымдар арқылы іске асырылуда. Қазақстан Республикасы 1999 жылы денсаулыққа ықпал ететін мектептін Еуропалық жүйесіне кіру сертефикатын алған. Оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін мектептер жобасының мақсаты:
1) Мектеп оқушыларының тамақтануын ұтымды ету үшін жағдай жасау, салауатты тамақтану мәдениетін енгізу арқылы ағарту үрдісінің барлық қатысушыларының денсаулығын нығайтуға және сақтауға бағытталған, денсаулықты сақтайтын және түзететін ортаны қалыптастыру.
2) Мектеп асханасында сапалы тамақты дайындау үшін қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету.
3) Асхананың заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз ету.
4) Асхананың заманауи құрал жабдықтармен жабдықталуын жетілдіру үшін мектептегі балаға берілетін тағам балалар үшін ұнамды болуы, тамақ әзірлеудің ең салауатты әдістерімен және сапалы тағам өнімдеріннен дайындалған тамақты ұсынуына кепілдік беретіндей қолдау ұсынылуы тиіс.
Мысалы қуырудың орнына тандырда пісіруді қолданса балалар тұтынатын артық колориялардың зиянды қаныққан майлардың мөлшері едәуір азаяды.
Ескірген асхана жабдығы толыққанды емес құралдар, шектелген азық-түлік бюджеті, мектептегі тамақтандыру қызметкерлеріне оқушыларды салауатты және қоректі тағаммен қамтамасыз етуде едәуір шектеулер жасайды.
Салауатты тағамды әзірлеу және сатып алу әдістерін қолдану құрам бөліктерін алмастыруда немесе қысқартуда мектептер тағамды дайындау бойынша регламенттерге талаптарды өзгертуді есепке алу мақсатымен рецептіні стандарттауы тиіс. Стандарттаған рецептілер өнімнің дұрыс дайындалуына, өндірім көлемінің қамтамасыз етілуіне және пайдалы қоректік тағаммен қамтамасыз етуде, едіәуір шектеулер жасайды. Мектептер оқушыларға жарамдылығына кепілдік беру үшін майдың, тұздың және қанттың мөлшері төмен стандартталған рецептіні іздеуі және қолданып көруі қажет. «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыруға қатысушылар жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, оқушылардың ата-аналары, жалпы ағарту мекемесінің әкімшілігі, жалпы ағарту мекемесінің ұстаздар ұжымы, медициналық және әлеуметтік қызметкерлер, қоғамдастық, мемлекеттік, коммерциялық емес және бизнес –құрылымдар болып табылады. «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы бес бөлімнен тұрады.
1) Ұйымдастыру талдау жұмысы, ақпараттық қамтамасыз ету.
2) Оқушының отбасымен жұмыс атқару.
3) Жасқа байланысты ерекшіліктерді ескерумен оқушылармен сыныптан тыс іс шаралар жүргізу
4) Оқушылардың арасында салауатты тамақтануды насихаттау бойынша іс-шаралар.
5) Мектепте оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға мектеп әкімшілігі тарапыннан мониторинг жүргізу.
«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасында мектеп оқушыларының денешынықтыру тәрбиесінің маңызы үлкен. Еліміздегі балалар мен жасөспірімдер гигиенасында, денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткішіне жету болып табылады. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. Көпшілік қауым баланың чемпион титулына талаптануына тиым сала алмайды, бірақ оны денсаулығына әсер ететін қауіптен қорғауға міндетті. Жастардың әлеуметтік іс-әрекеттерге жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер бойынша бұл өзгертулердің тиімділігі өте көптеген факторларға байланысты.
Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне:
- денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру;
- қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру;
- еркіндік пен тәртіп саласын дамыту;
- гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу.
Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады:
- организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады;
- өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды;
- жылу реттеуші механизмдер жетіледі;
- организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.
Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы. Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі. Бірақ казіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорттық билер, ырғақты гимнастикалар «аэробика», қытай гимнастикасы «у-шу» және т.б. Олардың көбі, өзінің жаңалығымен, қолайлылығымен арнаулы бөлмелер мен арнаулы құралдарды қажет етпейді. Сондықтан денешынықтыру тәрбиесінің қосымша түріне қатал регламентация сақталмаса да болатын сияқты.
Дене белсенділігі бойынша кешенді бағдарламаны еңгізу, күнделікті дене шынықтыруға үйрету ұсынылады. Бастауыш сыныптарда – 150 минут, ал жоғары сыныптар үшін – 225 минут. Барлық оқушыларға салауатты тамақтану мәдениетін енгізу арқылы және дене белсенділігі бойынша шынығуға қатысуын қадағалау барысында өсіп келе жатқан жасөспірімдеріміздін денсаулығын нығайтуға ықпал етеміз.