Темекі түтінің зияны

Oinet.kz 03-03-2020 957

Темекі түтінінің 80 пайызын никотин құрайды. Күніне 20 дана шылым шеккен адам ағзасына 0,011 грамм перидин, 0,0032 грамм аммиак, 0,006 грамм көгерткіш қышқыл, 3,69 миллилитр көмір тотығын сіңіреді. 

Темекі түтінімен ішке енген никотин тілдің, ұрт¬тың сілекейлі қабаты арқылы тәнге тарайды. Жүйке жүйесін қатты улайтындықтан, шылымқорлардың есте сақтау қабілеті нашарлайды. Жұмысқа деген қабілеті төмендеп, шаршағыш, ашуланшақ болып кетеді. Жүрек бұлшық еттерін қоректендіретін жіңішке тамырларды никотин уландырып, түйілуге әкеліп соқтырады. Соның салдарынан ұстамалы жүрек талмасына ұшырауы мүмкін. Бронх, өкпе кеселдерінің 85 пайызы темекі шегушілердің үлесінде. Соңғы 10 жылда қатерлі ісік аурулары арасында бірінші орынға шыққан өкпе қатерлі ісігінің 90 пайызы темекі шегуден пайда болады. Жүрек-қан тамырлары ауруларының 50 пайы¬зы, миокард инфаркті, инсульттің 30 пайызы да темекіге тәуелділердің еншісінде.

Screenshot_10.jpg

Титтей ғана түтінді тажалдың тарттырар азабы да аз емес. Осыған қарамастан, шылымға құмартушылардың саны күрт өсіп барады. Елімізде 90- жылдардан бастап темекіні тұтыну бір адамға шаққанда 2,2 есеге өсіпті. Оның ішінде ерлер – 62 пайыз, әйелдер 28 пайызды құрайды. «Жастар» кең ау¬қымды зерттеу орталығының деректеріне сүйенсек, 13-15 жастағы оқушылардың 12,7 пайызы күнделікті темекі шегеді. Олардың арасында әрбір бесінші бала темекіге тәуелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, әлемде күніне темекі тұтынудан ауруға шалдыққан 5000-нан астам адам қайтыс болады. Ал еліміз осы себептен бір күнде 70-ке жуық аза¬матынан айырылады екен. 

Егер темекіні тастасаңыз: 

- 24 сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды;

- 2 күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдармен теңеседі;

- 3 күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді;

- 3 айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды;

- 1 жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды;

- 10 жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі;

- 15 жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз!

Ш.ҚОЖАҚОВА, 

№1 Шымкент қалалық емханасының СӨСҚ дәрігері 


Татуировка зиян ба?
Ордабасыдағы игі істер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу