Емізудің ана мен балаға пайдасы

Oinet.kz 20-01-2020 996

Біріншіден ана сүтінің пайдасы баланы мейірімді болуға тәрбиелейді. Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – анасының сүті өмірге жаңа келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Ана сүтін беру интеллектуалды және эмоционалды дұрыс дамудың негізін қалайды. Ал ана сүтіне жарымаған бала көп жағдайларда аурушаң болып өседі.

Сәбилік кезең бала туылған сәттен бастап, екі жасқа дейін жалғасады. Құранда сүт ему уақыты екі жыл екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі жасына толмай шетінеген ұлы Ибраһим жайында «Оның сүт анасы жаннатта. Қалған сүтін сонда еміп, екі жылын тәмамдайды»,- деп, сәби үшін сүт ему кезеңінің 2 жыл екендігін меңзеген.

Screenshot_4.jpg

Емізудің ана мен балаға пайдасы

Сәби мұрнында сүт иісін тез сезетін қасиет дамыған. Соның арқасында жас нәресте ерніне тиген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды. Тіпті туылғанына жарты сағат өтпей жатып, оның еміп кетуі таңғаларлық. Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бір қызығы, бала өскен сайын ана сүтінің құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады. Бұл оның ғажайыптылығы, қазақтың әлжуаз балаларды көргенде «уызына жарымаған» деп жатуының мәні осы. Мамандардың айтуынша сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кезеседі. Мысалы, сиыр сүтіне қарағанда емшек сүтінде балаға пең керекті А, Е, Д дәрумендері көп.

Психологтардың айтуынша, емізу кезінде шешесінің бар жан-тәнімен сәбиді көкірегіне қысуы, аймалауы, бөбектеуі, сөйлеуі, еміренуі, мейірленуі, маңдайынан иіскеуі сылап-сипап, еркелетуі арқылы бала мен ана арасындағы ұзақ жылдарға жалғасатын өзара сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдері қалыптасады, баланың физикалық әлеуметтік, психологиялық, рухани жан дүниесі толысады. Ал сүт қоспаларымен қоректендіруде бұндай жылы сезімдердің болмасы анық. Ана сүтін емген балалар тез табысқыш, адамға жұғымды болып өседі. Ал ана сүтін ембей өскен балаларда жасөспірім шақта қатігездік, қылмысқа бейімдік көп байқалған. Емізу баланы да, ананы да жайлы сезімге бөлейді. Сәбидің тәтті ұйқыға кетуі сүт арқылы жүзеге асады. Баланың борпылдатып емуі ананың денесін жұмсартып, еміренуін арттырады, шаршағанын басады. Баламен қатар ананың жүйке жүйесіне де емізудің пйдасы зор. Психолог маман ретінде айтар болсам, шынымен де анасын екі жасқа дейін емген бала, көп ауыра бермейтін мейірімді бала болып өседі.

Дарындылардың диагноздары немесе атақтылар немен ауырған?
Ана баласына қаншалықты мейірімді болуы тиіс?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу