Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Дұрыс тамақтану қағидалары:
- жануарлық емес, көбінесе өсімдік тағамдары көп әртүрлі қоректік тағамдармен тамақтану қажет.
- нан, ұннан жасалған тағамдар, жармалар, картопты күніне бірнеше рет қолдану қажет.
- жергілікті табиғи, қоспасыз жаңа піскен көкөністер мен жемістерді күніне біренеше рет жеу керек.
- майдың тағаммен түсуін қадағалау (күндік құнарлығы 30%-дан көп емес).
- жануар майын өсімдік майына алмастыру.
- майлы ет пен тағамдарды атбас бұршақ, дән, балық, құс пен арық етке алмастыру қажет.
Дәрумендер мен микроэлементтер
Жүктілік кезінде тамақтану үлесіне жасанды дәрумендерді қосуды азайту кажет. Тек тиімсіз тамақтану кезі мен халқы ашығатын аймақтарда дәрумендерді қолдану тиімді болды.
Жүктілікке дейінгі және жүктіліктің алғашқы 12 аптасы мерзімінде күн сайын 400 мкг мөлшерінде фолий қышқылын мқұқият тұтыну тұқымның (нәрестенің) невралды түтігінің ақаулықтарының даму қауіп-қатерін нақты төмендетеді. Барлық әйелдерге фолий қышқылын (1a) тұтынып тұруын ұсыну қажет.
Шөптер, шөптік тұнба мен тұнбалар дәрілік болғаннан кейін дәрігердің нұсқауынсыз қолданбау керек. Осындай препараттардың болшақ сәбимен қоса жүкті әйелдің денсаулығына қауіпсіздігі белгісіз.
Жүктілік кезінде өзіңе қандай күтіммен қарау керек?
Жүктілік кезеңіндегі өзіңе деген толық күтім сізге тек өзіңіздің денсаулығыңызды ғана емес, сонымен қатар сіздің болашақ сәбиіңіздің денсаулығын сақтауға көмектеседі. Жүктілік анықтала салысымен тез арада әйелдер кеңесіне жүгініңіз. Егер жүктілік расталып, сізді есепке алса, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге үнемі белгіленген кесте бойынша қаралып тұрғаныңыз абзал.
Пайдалы тағамдар жеңіз (нақты мәліметтерді төмен жақтан қараңыз). Жүктілікке дейін қанша тартқаныңызға қарай, салмағыңызға 8-16 кг қосасыз. Жүктілік – жүдеудің уақыты емес.
Қажеттілік туған жағдайда ұйықтаңыз немесе демалыңыз. Өзіңізді қалжыратпаңыз, бірақ толық босаңсымаңыз. Әр адамда ұйқыға деген қажеттілік әр түрлі болуы мүмкін. Дегенмен, күніне сегіз сағат ұйқы жеткілікті.
Темекі шекпеңіз және шылымқұмарлардың жанында болмаңыз. Егер темекі шегетін болсаңыз, міндетті түрде оны тастаңыз!
Өзіңіз және сәбиіңіз үшін сіңімді ас
Әрине, дұрыс ас сіздің денсаулығыңыз үшін де, сонымен қатар сәбиіңіздің өсуі мен дамуына да маңызды. Жүктілік кезіндегі сіңімді ас әйелдің өмірінің кез келген мерзіміндегі дұрыс тамақтануы маңызды. Жүктілік қалыпты өту үшін «сиқырлы» азықтар болмайды. «Тыйым» салынатын азықтар да өте аз. Әсіресе, сізде аллергия туғызатын өнімдерді тұтынудан бас тарту керек. Барынша тәттілерді, майлы заттарды аз тұтынуға тырысыңыз.
Таңғы, түскі және кешкі ас кезінде тәбетіңіз онша болмаса, тағамды қалаған уақытыңызда аз-аздан күніне бірнеше рет қабылдаңыз.
Сұйықтықты, тәулігіне барынша суды сегіз стакандай ішіңіз. Құрамында кофеин (шәй, кофе, кола) және қанты бар сұйықтықты үш стаканнан артық ішпеңіз. Әсіресе, шәй мен кофені тамақпен бірге қосып ішуге болмайды. Кофеин темірді сіңіруге кедергі жасайды.
Сіз асыға күткен 9 ай, 9 күн де өтіп, сәбиіңізбен қауышатын кезде алыс емес. Әрбір әйелдің бақыты – сәби сүю!
Н.ТЕМІРБЕКОВА,
№ 6 Шымкент қалалық емханасының психологы