Кене шағып алғандағы алғашқы жәрдем

Oinet.kz 16-05-2018 1381

Күн жылына салысымен бар табиғат жандана бастайды. Соның ішінде адам өміріне қауіпті кішкентай өрмекшітектес – кенелерге де жан бітеді. Бұл майда паразиттер көктемнің алғашқы сәулесімен тіріліп, белсенділігі арта бастайды. Олардың ең белсенді уақыты сәуір мен мамыр айлары. Тамыздың соңында кенелердің екінші өмірі басталады – ересек дернәсілдер әрі қарай даму үшін қан соруға кіріседі. Кенелер көптеген аурулардың таратушысы болып саналады. Олардың ішінде ең қауіптісі – энцефалит. Бұл аурулар жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін, тіпті адамды мүгедек етіп, жанын алатын кездер де болған. Энцефалит өзге кенелер геморрагиялық безгек, риккетсиоз, туляремия, эрлихиоз және тағы басқа аурулардың таратушысы.

Screenshot_16.jpg

 Кене шағып алғанда не істеу керек? Кенені қалай дұрыс алып тастау керек?

Егер кене шаққан жағдайларда, мүмкіндігінше денсаулық сақтау орындарына немесе тіркелген емханаңызға барған дұрыс. Егер оған баруға мүмкіндіктер болмаса онда арнайы тәртіптерді сақтай отырып, денедегі кенені өзіңіз алып тастауға тура келеді.

1. Қысқышты алып оны сағаттың тіліне қарсы бағытта, кейіннен кененің аяқтары немесе жартысы денеде қалып қоймас үшін, жәймен бұрау керек.

2. Кене шаққан жерге ауа өткізбейтін сұйықтықтарды және майды құюға болмайды. Ол кененің ары қарай кіріп кетуін жылдамдатады. Кененің бар уыты тұмсығында болады, ол тұмсығын кіргізіп алғаннан кейін бар уытын сол арқылы жібере алады.

3. Кірген кенені денеден алып тастағаннан кейін оны жарық жерде жақсылап қарау қажет:  оның аяқтары мен тұмсығының бүтіндігін тексеру қажет. Егер кененің тұмсығы қалып қойса, онда оны тездетіп алу үшін дәрігердің көмегіне жүгінген дұрыс.

4. Кененің шаққан орнын йодпен немесе спиртпен заласыздандыру қажет.

5. Дәрігер денеден алынған кенені  шыны банкіге салып, зертханаларға және басқа да тексеру орындарына алып келуге кеңес береді. Өйткені кейбір кенелер жұқпалы ауыруларды тасымалдаушы болып табылады. Әдетте олар жерден денеге тез көтеріледі. Сондықтан, табиғат аясына шыққанда әсіресе кішкентай балаларымызды жабық аяқ киім мен денеңізге қонымды киім киіңіз. Шалбардың балағын шұлықтың ішіне, ал жейде немесе футболканы – шалбардың ішіне салыңыз, бас киім киіңіз. Көбіне кенелер терінің бүгілген аймақтарын: мойын, қолтық, тізе асты, сонымен қатар шаш аймағын шағуға құмар. Қыдырыстан кейін осы жерлерді мұқият тексеріңіз. Кенелерден қорғайтын кремдер мен спрейлерді пайдаланыңыз. Денсаулығыңызға қатты алаңдасаңыз, кене энцефалитіне қарсы екпе жасасаңыз болады. Әдетте жоспарлы вакцинация қыс мезгілінің басында жасалады. Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеңіз!

Гүлзакира КӨЛБАЕВА, 

№ 6 Шымкент қалалық емханасының 6 учаскелік балалар мейіргері 

Студенты придумали, как удешевить зубные коронки в три раза
Темекі – тажал!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу