Адам денесіндегі ең ауыр ағза не екенін білесіз бе?
Адам анатомиясы өте қызықты ғылым. Біздің денеміздегі ең ауыр нәрсенің не екенін білесіз бе? Ағзаны сыртқы ортадан қорғайтын тері жұқа көрінгенімен ол өте ауыр болып келеді екен.
Ересектердің тері салмағы 2 келі 700 грамды құрайды. Теріден кейінгі салмақтысы адама ғзасының химиялық зертханасы іспетті мүше бауыр. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Қышқылдарды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отыратын бауырдың салмағы бір жарым келіге дейін барады.