Ағзасы суықты мүлдем сезбейтін адам

Oinet.kz 10-01-2020 1070

522d5eda41cc1b57dc0af066721cb715.jpg

Өмірде жұмбақ адамдар көп. Солардың бірі голландиялық азамат Вим Хофтың ағзасы суықты мүлдем сезбейді. Жұртты таңқалдырған ер кісі әлемге «мұзды адам» ретінде танылған.

Ол қыстың бет қаратпайтын сарышұнақ аязында киімсіз жүріп, мұзды суда қамсыз жүзіп, бірнеше рет рекордтар орнатты. Мұзды адам ерекше қабілетін бозбала шағында байқаған екен. Содан бері суыққа төзімді тұрғын өз денесін түрлі сынақтарға қатыстырып келеді. Мәселен, Вим мөлдір шыны ыдысқа құйылған төмен температудағы мұз қосылған суда тапжылмай 120 минут отырды. Сондай-ақ ең ірімұздықтың бірі Монбланды бір жапырақ жұқа киіммен бағындырды. Медицина мамандары Хофтың феноменін түсіндіре алмай отыр. Ал «қар адамы» мұның барлығы күндіз-түні жасалған жаттығулардың арқасы деп біледі. 

Анестезия қайдан шықты?
Адам денесіндегі ең ауыр ағза не екенін білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу