Жүктілік кезіндегі токсикоз ана мен бала өміріне әсер ете ме?

Oinet.kz 21-10-2019 2290

image.png

Жүктілік кезіндегі токсикоз - әйелдердің жартысында дерлік кездесетін жиі құбылыс. Неге осылай болады және бұл жағдай болашақ ана мен балаға зиян келтіруі мүмкін бе? Токсикоздан қалай сақтану керек? Осы және басқа да сұрақтарға жауаптарды мақаладан таба аласыз.

Токсикоз неден пайда болады?

Токсикоз - бұл ағзаның бөгде материалға реакциясы, өйткені ұрық әке және ана жасушаларынан тұрады және дәл осы "бөтен" жасушалар ағзаға әсер етеді. Ең физиологиялық токсикоз 12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімінде кездеседі. Осы уақытта бала әйелдің ағзасымен бөтен дене ретінде қабылданады, сондықтан иммундық жүйе үшін бейімделуге уақыт қажет, осы кезде ұрықтың дамуына кедергі келтіретін белгілі бір жүйелерге бұғат қойылады. Әйел бас айналу, жүрек айну, құсу, белгілі бір өнімдерді жей алмайтын, иістерден басы айналатын жағымсыз сезімдер пайда болады. Себебі осы сәтте әйел ағзасы өте әлсіз.

Жағдайды қалай жақсартуға болады?

Бұл жағдайды, егер күн тәртібінде белгілі бір диетаны ұстанса жеңілдетуге болады. Дәрігерлердің кеңесінше, "Боржоми" түріндегі сілтілі суларды, сондай-ақ кептірілген жемістерден жасалған компоттарды, итмұрын қайнатпаларын, лимон немесе цитрус қосылған асқабақ шырынын ішу керек, бірақ балада бұл өнімдерге аллергия қалыптаспауы үшін аз мөлшерде ішкен дұрыс. Таңғы ас алдында салқын сумен бал қасық жеуге болады.

Егер токсикоз әсері тым ауыр болмаса дәрігердің көмегінсіз осы кезеңнен өтуге болады. Жеңіл токсикоз 8 күн ішінде өтуге тиіс. Ал токсикоз одан да ұзақ уақытқа созылып, жүкті әйел тамақ іше алмай, басы айналса дәрігерге текселуге міндетті. Мұндай жағдайда егер де ол көп энергия жоғалтса, бала өмірге әлсіз болып келуі мүмкін.

Преэклампсияны қалай болдырмауға болады?

Токсикоздың ең қауіптісі жүктіліктің екінші кезеңіндегі токсикоз. Ол медицинада преэклампсия деп аталатын жүкті әйелдің өте ауыр жағдайы. Ол жеңіл, орташа және ауыр болуы мүмкін, көбінесе 28-ші аптадан кейін басталады.

Преэклампсия қысымның жоғарылауымен, несепте ақуыздың пайда болуымен және ана мен баланың денсаулығына, кейде олардың өміріне қауіп төндіретін басқа да белгілермен сүйемелденеді. Дәрігерлердің преэклампсияның пайда болуын алдын алуға мүмкіндігі бар. Егер де пациентте артық салмақ немесе семіздік, емделушіде немесе анасының өзінде артериялық гипертензия, бүйрек аурулары, аутоиммундық аурулар, қант диабеті болған жағдайда преэклампсияның қауіпі айтарлықтай артады. Жүктілік кезінде осындай симптомдарды бастан өткерген әйелдерде преэклампсияның пайда болуының жоғары деңгейі бар. Мұндай жағдайларда дәрігер преэклампсия көріністеріне жол бермеу үшін белгілі бір алдын алу препараттарын тағайындай алады.

Ең бастысы - ешқашан өзін-өзі емдеуге және препаратты өз қалауы бойынша тағайындауға болмайды, өйткені жүкті әйел біле бермейтін медициналық нюанстар көп.

Сүйелшөп – жүз аурудың емі
Сүйелденген мүйізгекке қарсы дәрі рецепті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу