Аяқ киімдегі иістен арылудың ең тез тәсілі
Аяқ киім иісі кейбір адамдар үшін комплекс болуы мүмкін.
1
Аяқ киімнің иісін кетіру үшін аяқ киімді күн көзіне немесе жылы температурада барынша кептіру қажет. Себебі сулы ортада бактериялар көп болады. Ал аяқ киімдегі жаман иістің негізін қалаушылар осы паразиттер. Кепткен аяқ киімді тоңазытқыштың мұздататын бөлігіне полиэтиленді, қарапайым қалтаға салып 1 түнге қалдырыңыз. Келесі күні аяқ киімді алып күн астына не жылы жерге тағы да кептіріңіз.
2
Апельсин, грейпфрут, лимонды аяқ киімге салыңыз. Балғын цитрус қабығы құрамындағы эфир майларының әсерінен өткір және тұрақты иіске ие. Түні бойы өзіңіздің аяқ киіміңізге цитрус қабығын салып қалдырыңыз. Таңертең ол әлдеқайда жағымды иісте болады. Тағы лаванда майының (дәріханаларда арзан бағада сатылады) тамшысын ұлтараққа тамызуға болады.
3
Аяқ киімді кір мәшеңкесіне жуған сәтте оға ақ уксус салуға болады, ол бактерияларды жоюға көмектеседі.
4
Аяқ киімге газет немесе үй жануарларына арналған қағазды салып қалдырсаңыз, ол аяқ киімдегі жағымсыз иістерді бойына сіңіріп, терді де жоқ етеді.