Неге кешке мүлдем қарыз ақша беруге болмайды?
Әр елдің ақша туралы түсінігі алуан түрлі. Тіршіліктің тірегіне айналған ақшаға байланысты халықтар арасында түрліше ырымдар да қалыптасқан. Америкалықтар айлығының алғашқы долларын көзінің қарашығындай сақтаса, орыстар бес копейкті сәттілік сыйлайтын ақша деп түсінген. Ал немістердің әмиянынан әрдайым тесік немесе майысқан монеталарды көруге болады. Еңбекқор қытайлар болса қызыл жіп байланған үш юанды ерекше құрметтейді.
Көпшілік адамдар жалақы алған күні сауда-саттық жасауға болмайтындығын айтады. Тапқан нәпақаныңыздың бір тиынын да жаратпай үйге алып келсеңіз ол берекелді болады. Яғни шаңыраққа бір күн «түнеп» шыққан ақшаңыз ұзаққа жететін болады. Тағы бір ырым бойынша ақшаны қарызға кешқұрым беруге болмайды.
Саудагерлердің де ақша туралы өз түсініктері бар. Ертеректе көпестер ерте көктемде көкектің алғашқы дауысын естуге тырысқан екен. Олардың ойы бойынша көкектің дауысын сол жылы алғаш рет естісе қалталарында тиындардың сықыры да соғұрлым көбейе түседі. Сондай-ақ саудагер сол күнгі алғашқы тапқан ақшасын сүйіп, оған түкіретін болған. Сөйтіп оны міндетті түрде әмиянға салып қою керек. Сонда табыс мол болады. Бұл ырымды қазіргі таңда да қолданатын саудагерлер бар екен.