Асқабақ дәнегінің пайдасы

Oinet.kz 17-08-2020 1079

Таяуда барлық жемістер мен көкөністер пісіп, бақшалардан жинала бастайды. Әсіресе, осы көкөністердің ішіндегі асқабақтың пісуін көпшілігіміз асыға күтеміз. Біріміз асқабақтың өзін ұнатсақ, енді біріміз одан жасалған тағамдар мен дәмді бәліштерді сүйеміз, келесіміз оның ерекше дәмі бар дәнектерін қалаймыз. Дәнектер демекші, сіз олардың пайдасы шаш-етектен екенін білесіз бе? Білмеген болсаңыз, бүгінгі жазба сіз үшін!

image.png

Жүрек пен қан тамырына пайдасы

Асқабақ дәнектерінің құрамында жүрек жұмысын қалыпқа келтіре алатын магнийдің жеткілікті мөлшері бар. Магний жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартып, ырғақтың бұзылуына тосқауыл қояды. Ғылымда дәлелденгендей, холестериннің жоғары деңгейі жүрек, қан тамырлары ауруларын тудырады. Ал дәнектердің құрамындағы фитостеролдар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Қан қысымын тұрақтандыратындықтан, гипретониктарға жиі шағып тұруға кеңес беріледі.

Ми жұмысын жақсартады

Асқабақ дәнектерінің құрамындағы триптофан аминқышқылдары ағзамыздағы серотиннің өнуіне жол ашады, бұл ұйқының толықтай жақсаруына септігін тигізе алады. Дәнек бойындағы цинк бас мидың жұмысын қалыпқа келтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы шаршауды басады.

Ішек үшін пайдалы

Дәнектердегі жасұнық ішек жұмысын белсенді етіп, босата алады. Іш қату қиындықтарына тап болатын оқырмандарымызға күнделікті тағамға асқабақ дәнектерін қосуға кеңес берген болар едік.

Ішек құртымен күресе алады

Асқабақ дәндері – халық медицинасында ішек құртқа қарсы қолданылатын ең әсерлі құрал. Паразиттермен алысып жүретін адамдар дәнектерден кейін көп уақыт өтпей жатып, бар қиындықтан арылып жатады.

Вестибулярлық аппарат үшін

Теңіз ауруына шалдыққан науқастарға асқабақ дәндері ауадай қажет. Олар қатты ауытқу кезінде пайда болатын жүрек айнуын басады.

Жүкті әйелдерге

Жүктіліктің ең алғашқы айларында маза бермейтін жүрек айнулармен жақсы күресе алады. Көптеген болашақ аналар асқабақ дәнектерінің арқасында жеріктіктің ең қиын кезеңдерін жеңе алады.

Ерлерге пайдасы

Асқабақ дәнектерінде жеткілікті мөлшерде омега-3 майлы қышқылдары мен цинк бар, олар еркектердің ағзасындағы темір деңгейінің төмен түсіп кетуінің алдын алады.

Орамжапырақ диетасы
Асқабақтың он пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу