Карантинде үйді қалай тазалау керек?
Вирус таралуы жиілеп кеткендіктен сақтық шарасын әркім өзінен бастағаны дұрыс. Көшедегі тазалық, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік көп жақты бақылауда. Карантин кезіндегі үй тазалығы әдеттегіден бөлек. Төменде пандемия кезіндегі үй тазалығы жайлы сөз қозғаймыз.
Үйдегі заттардың тазалығы
Коронавирус түрлі жағдаятта бірнеше сағаттан 8 күнге дейін өмір сүре алады. Мысалы, алюминийде 2-8 сағат, болатта 2 күнге дейін, шыныда 5 күнге дейін және пластикте 6-8 күнге дейін. Сондықтан күнделікті қолданыстағы заттарды үнемі дезинфекциялау қажет. Есік тұтқасы, лифт кнопкасы, крандардың вентильі секілді көршілік қол тигізетін заттарға сақ болу керек.Үй жинақы болса да, тазалаудан жалтармаған дұрыс. Сырттан үйге кіргенде қол тазалау керек. Киім ауыстырған соң қолды қайта жуған дұрыс. Аяқ киімді антисептик не спиртпен үйге кіргенге дейін тазалау керек.
Тазалық тәртіптен басталады
Тазалау-бұл вирустан тиімді қорғаудың негізі. Оны жүргізу кезінде бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану керек. Еденді күніне 2 рет сүрткен пайдалы. Еденді дезинфекциялау үшін сутегі асқын тотығы (он литр су+1 стакан) жарамды. Ағаш жиһаз зығыр майымен сүртіп залалсызданырады. Шыныдан жасалған заттарды сірке су ерітіндісімен (1 : 3 есебімен) жуады. Раковина, жуынатын бөлме және ас үй заттарын 1 литр суға 1 ас қасық есебінен мүсәтір спиртімен өңдеуге болады.
Пластик заттарды хлорлы қосрамен өңдеу керек. Үнемі қолданыстағы заттар (қаламдар, ажыратқыштар, компьютерлік тышқан және пернетақталар) мезгіл-мезгіл спирттік майлықтарды пайдалана отырып сүртуге болады.
Суреттер ашық дереккөзден алынды