Карантинде сауданы қалай жақсартса болады?
Карантин жүйесі адамның өмір сүру формасына елеулі әсер етуде. Тұлғаға қажетті ресурстар онлайн форматқа көшірілуде. Індеттің емі табылғанға дейін бұл тұрмысқа бейімделу керек. Карантин кезінде өзектілікке ие болған онлайн сату өнері жайлы сөз қозғаймыз.
Сапалы мәтін қалай жазылады?
Нарықта сұранысы бар тауар ғана ақшаға айналады. Қаржы айналымы тығырыққа тірелмеу үшін кәсіпкер креативті жоспар құра білуі маңызға ие. Тауар жарнамалаушы сатылым тексті өту ықтималдығын жоғарылатып, сұраныс қалыптастырады. Қазірде бұл процесс копирайтер мамандар тарапынан жүзеге асады. Копирайтинг – мәтінді маркетинг. Жазылманы көп ньюсмейкер тұлғалардың әлеуметтік желідегі парақшасындағы постты SMM яки копирайтинг маманы дайындайды. Әрі аудиториясы көп парақша иесі сторителлинг әдісі (белгілі бір оқиғаны баяндай отырып) заттарды жасырын жарнамалайды. Алған киім, жеген ас, көрген фильмі аудиториясы үшін өзектілікке ие. Тауарыңызды оқырманы көп парақша иесіне тегін бергеннен сапалы парақша жасауға тырысуыңыз тиімдірек. Мәтін жащғанда мына ережені есте ұстаңыз:
Тақырып таңдау-тауардың тағдыры. Сатылымдағы бағы тексттік қызықтыру деңгейімен өлшенеді.
Проблеманы айта отырып, қызығушылық тудыру;
Проблеманың нақты шешімін ұсыну;
Ұсынылған шешімнің орындалу ықтималдығын ұсыну;
Айтылған нәрсенің бәрі рас екенін дәлелдеу.
Мәтіндегі сөйлем сөздері азырақ болсын. Құрмалас сөйлемнен қашыңыз. Инстаграмда жазылатын пост 10-15 сөйлемнен аспағаны абзал. Әрі сөйлемдегі сөз санын шектеңіз. Түсініксіз сөздер қолданбаңыз. Термндерді қарапайымдандырыңыз.
Брендтің бейнесін қалай дұрыс жасайды?
Ең жақсы камера-қолыңыздағысы. Штатив, камера арқылы түсірілім жасау уақыт пен қаржы жағынан тиімсіз. Дұрысы – мобилография. Бейне ұзақтығы 10 секунд болса, 3 секунд тауарға қызығушылық оятуға жұмсалады. Шабыттандыратын видеолар қараңыз. Ақпараттық диета ұстаңыз. Тек кәсібіңізге қатысты позитивті хабарларға санаңызды арнаңыз. Сонда ғана сіздің кәсіп оң жүйеге бет бұрады.
Тұтынушы армандайтын мәміле қандай?
Тұтынушының таңдау еркін өзіңізге бұру үшін тауардың пайдасын түсіндіре білу керек. Мысалы: екі түрлі торт таңдау еркіңіз бар. Бағаларында парық бар. Сіз парықтың сапада да барын ұқтыру керексіз. Мүмкін, қоспаларыңызда ағзаға пайдалы тұс жоқ шығар. Зиянды тұсының жоқтығын кәдеңізге асырсаңыз болады. Өзіңіз тауарыңызды қалыптастырған контентке қарап тауардың маңызын сезіне алғанға дейін ізденісті тоқтатпауға тырысыңыз.
Әр тұтынушыға тұлғалық шекарасын сезінуге мүмкіндік беріңіз. Түріне, өзін ұстауына қарай мақсатты аудиторияңызды алалап қатынас танытпаңыз. Барлық сатып алушы-тең. Әлеуметтік желіде жауап бергенде де этикаға бекем болыңыз. Сізді ұнатқан бір клиент 3 адамды тартуы мүмкін. Сіз туралы теріс пікір қалыптастырған тұтынушыңыз 10 сатып алушының сізден теріс айналуына алып келеуі ықтимал.
Сауда тек тауар айналымы емес. Саудагердің өмір сүру кеңістігіне әсер ететін бөлшек.
Суреттер ашық дереккөзден алынды.