Е дәрумені (токоферол): пайдасы мен зияны

Oinet.kz 22-04-2020 17855

Е дәрумені – маңызды антиоксиданттарға бай майда еритін адам ағзасына пайдалы витамин. Ол табиғатта сегіз түрлі формада кездеседі. Антиоксидант ретінде ағзаны сүт қышқылы сияқты зиянды токсиндерден қорғайды. Ағзада Е дәруменінің жетіспеуі анемияға әкеп соқтыруы мүмкін.

polza-i-vred-vitamina-E-1.jpg

Е дәруменінің физика-химиялық қасиеті

Токоферол – ашық сары түсті, майлы сұйықтық, суда ерімейді, бірақ хлороформда және күкірт қышқылында жақсы ериді. 

Фармологиялық қасиеттер: гемдер мен ақуыздардың биосинтезінде, жасушалардың көбеюінде, тіндердің тыныс алуына және жасушалардағы басқа процестерде қатысады.

Е дәруменіне бай өнімдер

Е дәрумені зәйтүн және кілегейлі майларды, жасыл өсімдіктерде, сүт, жұмыртқа, бауыр, ет, сондай-ақ дән ұрықтарында, шырғанақ, шпинат, брокколи, кебек жәнеде басқа да дәнді дақылдарда көптеп кездеседі. 

Е дәруменінің күнделікті қажеттілігі

Жасы мен жынысына қарай Е дәрумені төмендегідей өзгереді:

  • 6 айға дейінгі балалар – 3 мг

  • 7-12 айлық балалар – 4 мг

  • 1-3 жасар балалар – 6 мг

  • 4-10 жасар балалар – 7 мг

  • 11 жастан жоғары ер адамдар – 10 мг

  • 11 жастан жоғары әйел адамдар – 8 мг

  • жүкті әйелдер – 10 мг

  • емізулі әйелдер – 12 мг

Е дәруменінің пайдасы

Е дәрумені маңызды антиоксидант болып табылады

  • қартаю процесін баяулатып, оны жақсартады

  • иммунитетті арттырып, вирус пен қауіпті бактериялық инфекциядан қорғайды

  • тіндердің қалпына келуіне көмектеседі

  • қан айналымын жақсартады

  • теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды

  • гормондарды синтездеуге қатысады

  • терідегі тыртықтар мен олардың орнын қалпына келтіреді

  • қуықтың қатерлі ісігінен қорғайды

  • простата обыры мен Альцгеймер ауруынан сақтайды

  • денедегі әлсіздікті төмендетеді

  • қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетеді

  • бқалыпты жұмысын жақсартады

  • жасушаларды қайта қалпына келтіріп, жүйке жүйесін жақсартады

Е дәруменінің негізгі пайдасы жүктілік кезінде аса маңызды оң әсерін тигізеді.

Е дәруменінің зиянды тұсы

Негізі Е дәруменіның ағзаға ешқандайда зиянды тұсы жоқ. Сондықтан оны көп қабылдағаннан ешқандай зиян көрмейсіз. Дегенмен, егер сіз рұқсат етілген мөлшерден тыс көп қаьылдасаңыз, онда ол денсаулыққа теріс әсерін тигізеді.

Е дәруменінің артық дозалануы: диарея, метеоризм, құсу, қан қысымының көтерілуі және аллергиялық көріністің пайда болуы.

Е дәруменінің қорытылуы

Фармакокинетика: ауызша қабылдаған кезде асқазан-ішек жолына сіңеді, оның көп бөлігі лимфаға енеді, барлық тіндерге тез таралады, өтпен және зәрдегі метаболиттер түрінде баяу шығарылады.

Е дәруменін тым артық қолдану салдары

  • құрамында Е дәрумені көп препараттарды жиі қабылдау

  • құрамында осы дәрумені көп тағамдарды жеу

  • ағзадағы шыдатпай ауырған кезде қабылдау

Ағзадағы артық Е дәруменнің белгілері

көру қабілетінің нашарлауы

  • әлсіздіктің пайда болуы, апатия, тез шаршағыштық

  • бас ауруы және айналуы

  • асқазан және жүрек аурулары

  • бұлшықет талмасы мен ауруы

  • тыныс алудың қиындауы

Карантин кезінде сыртқа шыққанда есте сақтайтын маңызды ережелер
Үй жағдайында шаш күтіміне арналған маскалар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу